» » Әлеуметтік желінің әлегі

Әлеуметтік желінің әлегі

Бүгінде серігің де, жан жолдасың да осы ұялы телефон сияқты. Таңның атысынан күннің батысына дейін соған үңілумен уақыт өтіп жатыр. Рас, бұл күнгі жастарды ұялы телефонсыз елестету тіпті мүмкін емес. Қолында не қалтасында телефоны жоқ болса дегбірі қашып, әбігерге түсіп жүргені. Онсыз күнін елестету қиын. Сағаттап қалтафонға үңілуден де жалықпайды. Бір кіріп кетсе, айналасында не болып жатқанынан бейхабар қалады. Естімейді, көрмейді. Бар қызығы әлгі телефон. Қазірде ғаламторда, әсіресе әлеуметтік желіде танымал болу сәнге айналып барады. Осы танымалдықпен ақша тауып жүргендер көп.
Жастар әлеуметтік желі арқылы танысып, көңіл жарастырып, шаңырақ көтеріп те жатады. Ал енді бірі желідегі «танымал жұптарға» айналып үлгерген. Олар өздерінің оқырмандарына күнделікті өмірін, ішкен-жеген тамағын, жүріс-тұрысын желіге жүктеп отырады. Тіпті қызықты вайндар, скечкомдар (қызықты бейнелер) түсіріп, танымалдыққа ие болғысы келеді. Себебі қазір желідегі танымалдылық табыстың тиімді көзі.
Шаңырақ көтерген екі жас. Ғаламтордағы танымалдығы да жоғары. Олар енді не істейді? Өмірге келген балақайларына арнап парақша ашып, соған фото, видео жүктейді. Қазірде мұндай жас ата-аналар көбейді. Әлі есін біліп, жан-жағын танымайтын баласына арнап парақша ашқаны қалай? Біз балаларды мейлінше телефонға, әлеуметтік желіге тәуелді болмауын қаласақ, ал өзгелер жаңа туған сәбиіне парақша ашып әлек. Бұл баланы кішкентайынан виртуалды өмірге үйретеді емес пе?!
Қазақта тіл-көз деген дүние бар. Бұл жеңіл-желпі қарайтын жайт емес. Кішкентай балақайдың түріне алғашқыда мүлдем қарамай жатады. «Көз тиіп кетеді» деп айтады үлкендер. Сондықтан желіге баланың суретін көп жүктемеген абзалырақ. Ал оған сәби күнінен бастап парақша ашу орынсыз.
Иә, желідегі танымал жандардың арасында кішкентай бүлдіршіндер де шығып келеді. Бірі – өнерімен, бірі – қызықты қылығымен ерекшеленсе, келесі бірі ақылымен дараланып жүр. Олардың арасында тіпті вайнерлер де бар. Жас буын алдыңғы аға-әпкелеріне қарап бой түзейді емес пе?! Бүгінгілердің еліктейтіні де жас вайнерлер, желідегі танымал жандар. Сондықтан олар өздерінің ізін басып келе жатқандарға қарап еңсесін тіктеп, үлгі көрсете алатын дәрежеге жетсе деген ой біздікі.
Әбілжан Ахметұлы,
желі қолданушысы:
Жастардың балаға арнап парақша ашқанын құп көрмеймін. Кішкентай бала мұны қайдан біледі, оны тіпті түсінбейді ғой. Оған бөлек парақша ашып, суретін жүктеуден не ұтады? Ол бір күнде өшіп қалады. Біздің бала күнімізде әр балаға бір фотоальбом болатын. Әке-шешеміз біз есейгенде «Сен осындай болғансың» деп сол суретін көрсететін. Ол сурет аздап ескіргені болмаса, бәрі естелік болып қалатын. Қазіргілер фотоальбомды сирек қолданады. Бәрін телефонға сақтайды. Ол жоғалса, бәрі өшіп кетеді.
Айсұлу Айдарқызы,
инстаблогер:
Қызым дүниеге келгенде біраз уақытқа дейін суретін әлеуметтік желіге салмай жүрдім. Бізде тіл-көз деген бар. Жасқа толғаннан кейін оқырмандарымның сұрауы бойынша қызымның суретін жариялауға бекіндім. Не болғаны белгісіз, аяқ астынан ауырып қалды. Барлық ем-дом жасағанымызбен еш нәтиже болмады. Өзіміз жас отбасымыз. Оның үстіне қалада тұрамыз. Ешнәрсенің мәнін түсіне бермедік. Ауылдан шөбересін көруге асыққан әжеміз келіп, мұның сыры тіл-көзде жатқанын айтты. Содан қазақы ырым жасадық. Бір қызығы, осыдан бірден жазылып кетті. Кейін салған суреттерін өшіріп, желіге жарияламайтын болдым.

Ақнұр Сағынтай
05 қыркүйек 2019 ж. 2 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031