» » Ата-ана әлеуметтік желіде қандай қателік жібереді?

Ата-ана әлеуметтік желіде қандай қателік жібереді?

Ғаламторда шектеу жоқ. Жасы кішкентай баладан қарттарға дейін ғаламторды игілігіне жарата алады. Әсіресе, әлеуметтік желі барлық буын арасында кең танымал. Дегенмен, жасөсіпірімдер ата-анасымен әлеуметтік желіде дос болуды қолдай бермейді. Өйткені, балалардың ойынша ата-аналар байқаусызда әлеуметтік желіде қателік жібереді.  «Three» британ компаниясы әлеуметтік желідегі ата-ана мен бала қарым-қатынасына зерттеу жүргізеді. Олардың ішінде 70% жасөспірім ешқашан ата-анаммен әлеуметтік желіде дос болмас едім деген пікір білдірсе, 30%-ы ата-анасын достар қатарынан өшіріп тастаған.  Неге? Біріншіден, бұл балаға ата-ана оны өз бақылауында ұстап отыр деген ой қалыптастырады. Олар өзін жасанды ұстай бастайды. Екіншіден, ата-ананың әлеуметтік желідегі белсенділігі баланың бойына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені, ата-ананың барлығы жастар мәдениетін түсіне бермейді, олардың сөйлесу стилі, өзара түсінетін әзілдері үлкендер үшін жұмбақ. Әлеуметтік желіде ата-аналар жіберетін қателіктер рейтингі: 1. Балалардың 24%-ы ата-анасының отбасылық суреттерді салғанын ұнатпайды. 2. 21%-ы ата-анасының «біртүрлі» суреттерді салғанын жек көреді. 3. Жасөсіпірмдердің 10%-ы үшін мына жағдайлар ыңғайсыздық тудырады: • Жастардың сленгін ата-ана орынсыз қолданса; • Олардың парақшасында ата-анасы қалдырған түсініксіз пікірлер. 4. 9%-ын анасы не әкесі жазған пікірлер ұялтады. 5. 4% жасөспірім үшін мына жағдайлар ең қолайсызы: • Олардың суреттеріне жазылған пікірлер; • Олардың достарының суреттеріне пікір білдіру; • Олардың достарымен хабар алмасуы. Егер әлеуметтік желіге тіркеліп, балаңыздың парақшасын көзіңіз шалып қалса, оның ғаламтор кеңістігінде өзінің жеке өмірі бар екенін естен шығармаңыз.

28 сәуір 2018 ж. 2 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930