» » Желіге жегілу опа бермес

Желіге жегілу опа бермес


Технология дамыған ХХІ ғасыр келісімен әлемде таңғажайып өзгерістер орын алуда. Компьютер заманы деген атауға ие болған бұл ғасыр сандық ақпараттар мен озық технологияларды жылдам дамытып келеді. Оған қоса әлеуметтік желілер жыл сайын артып қолданушылар санын көбейтуде. Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде оданда көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетті. Жаңбырдан кейін саңырауқұлақша қаптап кеткен Instagram, Facebook, YouTube, Вконтакте сынды желілер өз аудиториясын қалыптастырды. Желіге жегілгендердің саны күн санап артуда. Әріп үйренген баладан еңкейген қартымызға дейін сонда бас сұғып жүргені жасырын емес. Бірі – әлеуметтік желінің пайдалы жағын тиімді қолданса, енді бірі – зиян жағына шырмалып желінің құрбанына айналып жүргенін көз көріп жүр.
Жақында ақпараттық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инс­таграммды» депрессияға ұрындыратын желі деп шығарса, ал «Вконтактіні» суицидке апаратын желі деп анықтады. Жалпы аталған осы желілер жасөспірімдерге кері әсер тигізіп жүргені жайлы талайдан айтылып жүр. Ресейлік бұл әлеуметтік желіні бақылаушылар мен қолданушылар онда «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» екенін де айтып дабыл қақты. Естеріңізде болса осыдан бір-екі жыл бұрын Вконтакте желісінде «Синий кит» деп аталатын ерме ойын пайда болды. Түрлі тәсілдермен қызықтырған бұл ойын, жасөспірімдердің санасын тез жаулады. Ережесінде елу кезеңнен тұратын тапсырма беріп, жасөспірімдердің сау денесін жарақаттатып, ақыр соңын өлімге дейін жұмсады. Ойыннан бас тартқандарға жақын туыстарыңа қастандық жасалады деп тағы қорқытты. Ақыры тығырыққа тірелген жасөспірім осылайша өмірімен қоштасуға дейін барды. «2016 жылы «Синий кит» ойынын облыс бойынша 386 адам ойнаған, оның ішінде аудан мен ауылдардан да тіркелген», – деді жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ибрахим әңгімесін одан әрі жалғастырып.
– Ата-ана баланы әлеуметтік желіден шектемеу керек. Керісінше интернет дамыған заманда біз көп нәрседен қалып бара жатырмыз. Балаға кішкентай кезде тамақ жеуді үйреткеніміздей әлеуметтік желіге кірудің де методикасын үйретіп, тиімді жақтарын көрсетуіміз керек. Онсызда үйдегі балаға телефон алып беріп, желіге кіруге шектеу қойғанымыз қызық. Ата-ана қазір баламен сөйлесе алмайды, тіпті, пікірімен санаспайды. Осыдан кейін өзін керек етпеген жасөспірім жанына жылуды әлеуметтік желіден іздейді. Неше түрлі топқа кіріп кетіп жатады. Міне, осындай жағдайларды болдырмау үшін баламен көп жұмыс істеу керек, желіде отыруын бақылауымыз керек, – деді ол.
Әлеуметтік желінің зияны туралы қанша айтсақ та, оның қолдану аясын шектей алмайтынымыз белгілі. Оның үстіне, желілердің қолданушылары күн санап артып келеді. Осылайша виртуалды өмірден алшақтамайтындардың саны көбеймесе азаяр емес. Ең бастысы, желіні сауатты қолдану барысында тек пайдалы жағын қарап, шектен шықпауды ойлауымыз керек. Әлеуметтік желінің құрбаны болудан сақ болайық.
Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы».
25 ақпан 2019 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031