» » ҮЙДЕ ОТЫРЫП ТАБЫС ТАБА АЛАСЫЗ БА?

ҮЙДЕ ОТЫРЫП ТАБЫС ТАБА АЛАСЫЗ БА?


Үйде отырып табыс табуға сенесіз бе? Мұнда пікіріміз екіге бөлінеді. Біріншісі,  үйде отырып-ақ ісін дөңгелетіп табысқа кенелгендер, екіншісі,  бұл кәсіпті құп көрмейтіндер. Дей тұрғанмен үйде отырып табыс табуға болатынын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінде «Инстаграм» әлеуметтік желісін аша қалсаңыз «қосымша табыс, үйде отырып ақша табуды үйретемін» деген жазбалардан көз сүрінеді. «Ешқандай зат сатпайсыз, адал табыс, ақша салмайсыз» деп оқыған адамды өзіне тартып тұрады. Біз де мән-жайды білмек болып жұмысқа шақыратын жандардың бірімен тілдесіп көрген едік. Нәтижесінде, белгілі бір компанияның өнімдерін сатып алып, артынан бірнеше адам тіркеу қажет екенін аңғардық. Бұл сізді қаншалықты табысқа жетелейді немесе керсінше құрдымға әкетеді? Өзіңіз ой таразысына салып көріңіз.
Үйде отырып табыс табатындардың дені – «желілік маркетинг» арқылы табысқа жетуге ниеттілер. Күнделікті өмірде сіздің досыңыз не танысыңыз, ұжымдасыңыз әйтеуір бір желімен тауар сату арқылы қосымша табыс табады. Кейбірі тіпті бір немесе бірнеше желі арқылы ақша тауып, әрісі осы бизнес жолына бел шеше кірісіп кеткенін де көз көріп, құлақ естіп жүр. Желілік маркетингте сіз өзге үшін жұмыс істейсіз, яғни сіз өзіңізден кейін адам шақыру арқылы жоғарыда тұрған адамның қалтасынан томпайтасыз. Сонда сатқан тауарыңыз бен адам тіркегеніңіз үшін компаниядан үлесіңізді ғана аласыз.
Ауданымызда үйде отырып табыс табудың жоғарыда айта кеткен «желілік маркетингтен» өзге мынадай түрі дамыған. Кондитерлік тағамдарды пісіріп, оған тапсырыс қабылдап кәсіп көзіне айналдырғандар, одан соң бала күтумен айналысатын жандар.  Мұнымен қоса түрлі тоқыма, қолөнер бұйымдарын жасап, ақша табатындар.
Ал енді үйде отырып табыс табудың жаңа әдістеріне тоқталсақ. Ғаламтор дүкені. Бұл ауданымызда енді қолданысқа еніп келе жатқан әдіс. Ғаламтордан сайт немесе әлеуметтік желіде парақша ашып, тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдап оны сату арқылы ақша таба аласыз. Әлеуметтік желідегі ғаламтор дүкені салынған әр суретке «Лайк» (ұнағанын білдіретін белгі) сұрап, пікір қалдыруын өтініп сұраншақтап жүргені. Кейбірі тіпті осы «лайк» көп жинау арқылы ақша табады да. Ол қалай десеңіз, сурет неғұрлым лайк көп жинаған сайын желідегі «қызықты» суреттер қатарына енеді. Осылайша сізді көп адам оқып, сатылатын заттарға қызығушылық артады, тіпті желідегі танымал жандар қатарына енуіңіз де бек мүмкін. Бұл әдістің пайдалы тұсы сауда орындарын жалға алып, ай сайынғы салық төлеп отырудың қажеттілігі болмайды.
Ғаламторда жеке блог жүргізу. Бұл үшін сізге әлеуметтік желі және кем дегенде 1000 адам оқитын сапалы парақша керек. Түрлі тақырыптарда қызықты әңгімелер, видеолар, тағамдардың рецептілері мен  қолдан жасалған бұйымдарды парақшаңызға жүктейсіз. Егер сіз істеген жұмыс өзгелерге қызықты болса, оқырман саны көбейеді. Сәйкесінше сізге тапсырыс арта түседі. Тапсырыс түскен сайын сіздің ақша қорыңыз молаяды. Жеке блог жүргізудің тағы бір тиімді тұсы, парақшаңыздың оқырман саны көп болса жарнама шығару арқылы ақша табуыңызға да болады. Мәселен сізге бір кісі жаңадан ашылған киімдер дүкенін  жарнамалауын өтінсе, бұл жарнаманың құнын өзіңіз бағалайсыз.
Табыс тапқанның артығы болмас. Дей тұрғанмен тапқан табысыңыз адалынан ба? Асыл дініміздің өзі тазалық пен адалдықтың нышаны емес пе? Ендеше тапқан табысымыздың адал жолмен келгеніне мән берейік ағайын!

Ақнұр Сағынтай
21 қаңтар 2019 ж. 2 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031