Жанжалсыз жанұя

– Білесіз, осы күнге дейін мен сізден ешнәрсе жасырған емеспін. Тек бір ғана құпия ұстаған дүнием бар еді, – деп бір құтыны береді. Құтыда екі дана тоқылған шұлық және көп мөлшерде ақша бар екен.
– Мен келін болып түскенде әжем күйеуіңе ашуланған кезіңде жауап қайтарма, ұстамды, сабырлы бол, ашуыңды басу үшін ұршық иір, шұлық тоқы деп өсиет айтқан болатын. Мына құты осы өсиеттің нәтижесі болып келген сыр еді, – дейді. Тамсана қараған күйеуі:
– Құтыда екі шұлық болғанына қарағанда сен маған өмір бойы екі-ақ рет ашуландың ба? – деп сұрайды. Сонда кемпірі:
– Мына ақша сатылған шұлықтардан түскен табыс, – деген екен.
Мұны естіген жұбайы көз жасына ерік беріпті.
Айнұр ӘЛИ