» » "Тоқаевқа бәрін айтамын": М.Шаханов президентпен кездесуде қандай мәселелерді көтермек?

"Тоқаевқа бәрін айтамын": М.Шаханов президентпен кездесуде қандай мәселелерді көтермек?



Танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов президентке барып, қоғамның өзекті проблемаларын жеткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

– Қазіргі кезде жұрттың көпшілігі кітап оқымайды. Ертеден кешке дейін телеарна көреді. Ал телеарнада адам көрсе ұялатындай, мазмұны мен мағынасы жоқ әндер беріледі. Сөздерін де өздері жаза салған. Жуырда "Қатын" деген бір ән орындалды. Енді, атауының өзі ұят қой. Міне, осылайша қазіргі кезде телеарна дегенді қолжаулыққа айналдырып алған. Кім ақшаны көп берсе, соны сағаттап көрсетеді, – деді Шаханов.

Оның айтуынша, бұрын әндердің бәрін тексеріп отырған. Арнайы шығармашылық алқа қай әнді беруге болатынын шешкен.

– Қазір біз өте ыңғайсыз кезеңге тап болып отырмыз. Менің "Шындық кейде қалың арпа ішіндей бір бидай. Неге әділдік күресінде жұрттың көбі тымпибай? Ұлтсыздыққа, ұрықсыздыққа кім батылдық көрсетпесе қырғидай, Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!" деген өлеңім бар. Қазіргі кезде Ырбикүлдер мен Жырбибайлар қаптап кетті. Туфли жалау алға шығып кетті, - дейді ақын.
Алдағы уақытта ақын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек. Ол сол кезде қоғамдағы барлық өзекті мәселені жеткіземін деп отыр.
– Мен осы бір-екі күнде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолығамын. Соған осының барлығын айтайын деп отырмын. Тағы да басқа үлкен проблемаларды айтамын. Негізі, президент өзі ерекше бір адам. Ол кісінің әкесі – Кемел Тоқаев менің өлеңдерімді жатқа оқитын. Өте бір пайымды, парасатты адам еді, –  деді Мұхтар Шаханов.
08 қыркүйек 2019 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930