» » Туған күн бе, туылған күн бе?

Туған күн бе, туылған күн бе?

Туған күн бе, туылған күн бе? (видео)
"Туған күн" немесе "туылған күн". Туылған күн сөзіндегі -ыл – ырықсыз етіс. Ырықсыз етісте қимылдың иесі болмайды. Қай кітапты, қай сөздікті ашсаңыз да, дұрысы: «туған күн».
Әдебиеттен мысал келтірейік:
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Абай Құнанбайұлы
Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ілияс Есенберлин
Адам тек жаңа туған кезінде: содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады екен-ау. Оралхан Бөкей
Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай... Мұқағали Мақатаев
Сен туған күн – мерекеміз... Мұхтар Шаханов
Төлқұжатыңызда «Туған күні» деп жазылады.
«Туған жер, туған өлке, туған-туыс» деп айтамыз.
Мұхтар Мағауин: «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ендеше, келесі саты – «өлінген!» Туылған» жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар. Ең сыпайы сөзіміз деп біліңіз.
06 сәуір 2018 ж. 4 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930