» » Туған жер – Туған ел

Туған жер – Туған ел

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер – Туған ел» базалық бағытының аясында қаламыздағы білім беру мекемелерінің ынталы жастары мен жас зерттеушілерін өлке тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи құндылықтарымызды қастерлеуге, музейге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған қаламыздағы №3, 4, 5, 8, мектеп оқушыларының қатысуымен "Жас өлкетанушы" ғылыми-білім жобасының ақтық кезеңі ұйымдастырылды.
Аталмыш жоба аясында жас өлкетанушылар Қызылорда облысы тұрғындары арасынан жинақтаған ел тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар құнды жәдігерлерді музей қорына сыйға табыстады. Нәтижесінде музей қоры 200-ге жуық экспонатпен толықты.
Жобаның мақсаты - қаламыздағы орта мектептермен тығыз байланыста бола отырып, музей әлеміне балаларды тарту. Ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізіп, жастардың санасына сол құндылықтарға деген құрмет, патриоттық көзқарасты қалыптастыру, өлкеміздің тарихына қызығушылығы бар балаларды баулу, үйрету.
Шара барысында Сыр елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан үлес қосқан белгілі журналист Ахат Жанаев сөз сөйлеп жас өлкетанушылармен ой бөлісті. Шара соңында өлкеміздің бай тарихын зерттеуге атсалысқан оқушылар мен мұғалімдер музей басшылығының марапатына ие болды.
Алдағы уақытта аталмыш жоба өз жалғасын табатын болады.
21 ақпан 2018 ж. 2 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728