» » Қазақстандықтар қандай кітаптарды оқып жүр?

Қазақстандықтар қандай кітаптарды оқып жүр?


Жақсы кітап – жан азығы. Әлемдік классика өкілі Толстойша айтсақ, «жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей».
Алайда арасына азбайтын ақыл мен тозбайтын білім кенін сыйдырған кітап сәт санап дамыған технология дәуірінің талаптарына тойтарыс бере ала ма? Дөңгеленген дүниені қауызына сыйдырған смартфоннан бір сәт көз тайдырып, қолына «Көшпенділерді» алар жастар азайып кеткен жоқ па?
Талғат Серікқалиұлы, twitter@t.serikkaliuli_0104:
- Әл Фараби, Абай, Махамбет, Шолохов, Пушкин, Ғабдолла Тоқай. Оралда орнатылған мына ерекше ескерткіш ақылдың кені саналатын жалпы кітап атаулыға көрсетілген құрмет іспетті. Ал қазіргі оқыраманның мына секілді нағыз кітаптарға деген қызығушылығы қандай деңгейде? Сараптап көрсек.
Осы ескерткіш бой көтергенде түрлі пікірлер айтылғаны рас. Дегенмен, қазір бұл  нысан жастардың санасына саңылау түсіретін орынға налған.
Аягөз  Сұпығалиева, қала тұрғыны:
- Кітапты көп оқыдым деп айта алмаймын, бірақ мына ескерткіште жазылған авторлардың бәрі де маған таныс. Ана тілімде анық сөйлеу үшін қазір қазақ жазушыларының шығармаларына ден қойып жүрмін. Осы жерден өткенде кеудемді мақтаныш сезімі билейді. Өйткені бұл еліміз бойынша кітапқа қойылған бірден бір ескерткіш.
Қазіргі жастар кітап оқымайды. Көбі ұялы телефонға үңіліп, керегін интернеттен алуға құмар. Бұл қасаң қағида ма, әлде шын мәнінде солай ма? Таңқалғанымыз, бұл сауалға қатысты аға ұрпақ өкілдері мен кейінгі жас буынның пікірі бір жерден шықты.
Сағидолла Жалмурзин, қала тұрғыны:
- Жастар жалпы ештеңе оқымайды деп айта алмаймын, ия, оқитындар бар, жұрттың бәрін жамандауға болмайды. Бірақ қазір заман солай болып кетті ғой. Бірақ интернет пен кітап оқыған екеуі екі түрлі. Кітаптағы жазғанның бәрін оқыған адам – ол расында да білімді адам. Ал интернетте кітаптағының бәрін бере алмайды.
Салтанат Сатова, студент:
- Интернеттен оқыған тиімді болғанымен шын кітапты қолға ұстаған сезімге жетпейді ғой. Көзге де зиянын келтірмейді. Маған кітапты сатып алған ұнайды немесе осылай кітапханаға келіп алған. Әр кітапты оқыған сайын мен сол кітаптағы кейіпкердің сезімдерін сезіннгендей боламын, тіпті басқа бір әлемде өмір сүргендей боламын.
Салтанаттың пікіріне алып қосарымыз жоқ. Бастысы, өскелең жастың кітапқа деген құрмет сезімі суымапты. Ал олар нені, кімді оқып жүр деген сауал қойып көрейік.
Субтитр: Аягүл Нұфтуллина, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың сектор меңгерушісі:
- Оқырмандарды кітапханаға келмейді, жастар кітап оқымайды деп жатады. Мен өзім кітапханашы болғандықтан бұл пікірмен келіспеймін. Өйткені жастар қазіргі таңда қазақ әдебиетінің классиктерін және шетел әдебиетінің жауһарларын көптеп оқиды.
Кітапқұмар жастардың енді бір тобы мотивациялық еңбектерге әуес. Коворкинг орталық кітапханасының тұрақты оқырманы Алтын Зайнуллина нақты іске құлшындыратын кітаптарды көп оқу керек деген пікірін білдірді.
Алтын Зайнуллина, қала тұрғыны:
- Қазіргі толқынға енді кеңес беретін болсақ, міне, мына жерде толып тұр. Көбіне жастар қазіргі жазушыларға қызығады ғой, Илон Маскты оқиды, Ли Куан Юдің кітабын көп оқиды жастар қазір, міне, Стив Джобстың кітабы тұр. Қазіргі таңдағы ең көп тараған кітап авторлары.
Дегенмен, кітапханашылар электронды кітаптардың да пайдасы мол деп санайды.
Былтыр Оралда «Жолаушы, жолға кітап ал!» атты жаңа жоба жұмысын бастаған еді. Жобаның тиімділігі сонда, облыстық кітапхана қорындағы белгілі шығармалардың электрондық нұсқасын кез келген жерде жүріп-ақ смартфонға жүктеп алып оқуға мүмкіндік бар.
24.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 2 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031