» » ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР ҚАПТАП БАРАДЫ

ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР ҚАПТАП БАРАДЫ

Сахнадан сән кетті деп «Опмайлатып» жүрген «Азия» тобын тың­даушылар көп қазір. Бір ән бар болғаны 5 айдың ішінде 39 млн. көрілім жинапты.  Қа­лай десеңіз де мұның хит болғанын мойындау керек. Шынтуайтына кел­генде, әншілер әзіл арқылы мәнсіз әндердің көбейіп кеткенін айт­қысы келеді. Бірақ бұл топқа да солардың қатарындағы әні үшін көп сын айтылды. Жалпы, адам өмірінде музыканың алар орны бөлек. Абай ата­мыз «Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен» деп бекер айтпаса керек. Ән де­генде Шәмшіні еске алмай көріңіз. Қандай әні болсын қанша жыл өтсе де тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Қазір әндер тез хит болады да артынша су сеп­кендей басылып, ұмытылып қала береді. Оның төркіні әрине сапасында жатыр.
«Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам». Дәл осы бір уақытта мектеп бітірген түлектер бас­қосуында айтылатын ән. Бір шумақ тұтас бір ойды береді. Өлең осылай өріліп, ән көңілді тербегенде ғана құнды емес пе? Әйтпесе құдалардың бүйтіп, құдағидың сүйтіп билегені кімге керек. Аспанға қарап, жұлдызды санап, денемізді бос ұстап, «из девяноста» деп дискотекада жүрсек келешегіміз не болмақ? Өткенде көлікте келе жатып, «Үйде, бүйде» деген рэперлік әуенді тыңдап қарным ашты. Қарнымның ашқанына емес, ән қадірінің қашқанына намыстандым. Радио мен теледидар қарасаң да үздіксіз берілетін осы тектес әндер. Қазіргі жас мәні жоқ, «Алдамашы», «Өтінемін», «Ауырмайды жүрек», «Қош махаббат» сынды жылауық әндермен тәрбиеленуде. Содан соң көзге қамшы тигендей жасық болып өспесіне кім кепіл? Бүгінгі сазгерлер осыны тереңірек ойланса екен. Композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», Бекболат Тілеуханның «Менің елім Қазақстан» әнін тыңдасаң атқа мінгендей рухтанасың. Бізге қазақтығымызды ұғынды­рып, жігерімізді жандыратын, ұлттық рухымызды көтеретін жалынды әндер керек. Стилі, құрылымы жағынан көңілді тербейтін, сырлы да татымдылары бар. Бірақ тым сирек. Оның қасында күйем мен сүйеміміз көп. Бұл түрімізбен махаббаттан әрі аса алмай қалмаймыз ба? Талғам да күннен-күнге қалып барады. Көркемдік кеңес дегеніміз жоқ. Арзанқол өлең мен ән, фонограммасыз әу дей алмайтын әнші қаптап кетті. Той әндері мен жылауық әндер көбейіп тұр. Барлығы бір сарын. Біреудің сөзі немесе әні өтімді болса, артынша жоғарыдағы айтқан әнші, ақын, сазгерлер сол сарындас әндерді қарша боратып жібереді. Эфирге де кез келген әнді ұсынады. Ақшасын төлесе болды насихаттап береді.
– Бұрын әншіге де, әнге де, оның сөзіне де қатаң талаптар қойылатын, – дейді сазгер Жарқынбек Тұрымбетов. Мағынасы, маңызы жоқ шығарманы насихаттап, таратпайтын. Қазір ол жоқ. «Адамды заман билейді, заманға адам күйлейді» деп айтатын А.Алматов. Соның өзі.  Бәрін реттеп отыратын, таразылайтын орталық болса қазіргі жылауық әндер тек көшеде гитарамен отырып айтылатын деңгейге түсер еді.
Көңіліміз даладай кең. Сол дархан жүрегімізді ара әндер емес, тек дара әндер тербесе ғой.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
14 маусым 2019 ж. 1 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031