» » Итальян ғалымдары адамның есте сақтау қабілетін зерттеп жатыр

Итальян ғалымдары адамның есте сақтау қабілетін зерттеп жатыр

Итальян ғалымдары адамның есте сақтау қабілетін зерттеп жатыр
Адам баласының есте сақтау қабілеті қалай жұмыс істейді? Италиялық ғалымдар магнитті-резонансты томография арқылы есте сақтау қабілеті жақсы дамыған адамдарды зерттеп жатыр.
Кейбір адамдар 20 жыл бұрынғы кезін, тіпті белгілі бір сәтте қандай киімде болғанын бүге-шігесіне дейін оп-оңай айтып бере алады. Осылайша Италияның  денсаулық сақтау институтының мамандары зерттеу жұмысына 8 адамды іріктеп алды. Анықталғандай, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған жандар естеліктер санымен емес, еске түсіру жүйесімен ерекшеленеді. Яғни керек кезде миға сәл салмақ түсіру арқылы олар өмірінде болғанның бәрін көз алдына келтіре алады. Осыны ескерген ғалымдар зерттеуге қатысушылардың генетикалық факторы мен қоршаған ортаның әсерін зерттеуге көшті.
Симоне Макри, Италияның Жоғарғы денсаулық сақтау институтының ғылыми қызметкері:
- Осы нәтижелер аса маңызды. Есте сақтау жүйесінің әрбір адамның өміріндегі маңызы ерекше. Бұл жалпы танымдық тұрғыдан да қызықты. Егер біз жады жүйесін дұрыс ұғынсақ, алдағы уақытта терапияның жаңа тәсілдерін ойлап табуға болады. Мәселен, бұл бірінші кезекте есін жоғалтқан адамдар үшін қажет.
25 шілде 2018 ж. 1 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031