» » » ДАҢҒЫРАДАН ДА, ДОМБЫРАДАН ДА ҮН ШЫҒАР,ТЫҢДАРМАН БОЛСА ТАЛҒАМДЫ

ДАҢҒЫРАДАН ДА, ДОМБЫРАДАН ДА ҮН ШЫҒАР,ТЫҢДАРМАН БОЛСА ТАЛҒАМДЫ

 
Сахнада бір жас жігіт ән айтып тұр. Белгілі эстрада жұлдызы асау тайды бас білдіргендей гитарасын шұлғып-шұлғып қояды. Бір қараған адамға ән де, әнші де бір-бірін «адаспай тапқандай» әсер қалдырады. Әлгі зор дыбыстың үніне еліткен көрермен де орнынан өре тұрып, билеуге кірісті. «Қайдасың сен, қайда кеттің, Мен қалдым ғой, қайғысында махаббат дерттің....» Әннің сөзі осылай жалғаса береді. Бірінен бірі сорақы. Не ұйқасы, не мағынасы көрінбейтін ән көрерменін рухани байытпақ түгілі, терге малшынтып шаршатып тастағандай. Кезінде еуропалықтар жастарды жат ән мен әуезден сақтау үшін даңғара (эстрада) музыкаға – «өз-өзінен жындану» деп баға берген көрінеді. Ол жартылай жалаңаш қара нәсілділердің көшеде есі кете  билеп, жүргіншілерді күлкіге қарық етуі ақша табудың бір көзі болған. Мәдениетке, талғамға жатпайтындықтан ұрпағын алдын ала даңғазалықтан, дарақылықтан сақтаған.
Ал, бізде ше? Бізде бәрі ақын, бәрі сазгер. «Әу, демейтін қазақ жоқты»жалау етіп алған. «Абай» жолының алты парағын ашпаған ақындар, Абай әндерінен бейхабар композиторлар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Неге? Қазір талғамға таразы салатын композиторлар одағы жоқ. Кеңес кезеңінде мүйізі қарағайдай композиторлардың өзі шығармасын өткізе алмай қиналатын болса, қазір нарық заманы. Қалауын тапсаң – қарды да жандыра аласың. Қаржыға тірелген қайсыбір іс те қаражатты қажет ететіні рас. Ал, оның ең оңай жолы – ақша төлеп біреуге істеткенше, шала-пұла болса да өзің бірдеме шығарғаның орайлы. Қазақ эстрадасының ең бір осал тұсы да осы. Бүгін айтылып, ертең ұмтылып қалатын әндер көк жәшіктің көзін бермейтін болды. Елімізді шетелге танытамыз дегенді желеу етіп, халқымыздың табиғатына келетін де, келмейтін де жанрларды жаба тоқитын болдық. Соңғы кездері қазақтың халық әндерін бұзып айту, қазақтың қара домбырасын тоққа қосып тарту әдетке айналды.
Ән, әуез – тыңдарманының құлақ құрышын қандарып, жан дүниесіне жарық сәуле сыйламаушы ма еді? Абайдың «Айттым, сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері классикалық өнердің шыңырау шыңына көтеріліп, ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып келе жатқан жоқ па? Сонда оның не құдіреті бар деп ойлайсыз? Оның құдіреті – оның өміршеңдігінде, сұлулық сырын, жүрек қылын шерте білуінде. Әуені мен сөзінің үндестігінде, рухани мәйегінің биіктігі мен мәңгілігінде. Болмаса, халықты ән әлеміне баураған кешегі Шәмші Қалдаяқовты алайық. Қанша буын өкілі композитордың «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Құстар қайтып барады», «Қайықта» сияқты есті әндерімен қанаттанды. Дәстүрлі өнеріміз де тамырынан ажырамай ұрпақтан-ұрпаққа жетуде.
Бұрын той әндері деп бөліп қарап келген қазіргі тілмен айтқанда, жеңіл әндеріміз киелі сахнадан түспейтін халге келді. Шөл қандырар халық әндерінің орнын той әндерімен толтырумен әлекпіз. Сосын дүние сайыс, көйлек жарыс. Бет әрлеу, атаққұмарлық... Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова апамыз айтқандай, шынында да: «Аспандағы жұлдыздардан жердегі жұлдыздар тым көбейіп барады».
Біреуді ақ, біреуді қара деу жат әдет. Онсыз да ғаламтордың торына шырмалып, ненің не екенін айыра алмай жүрген ұрпаққа нендей үлгі көрсетіп, нендей тәрбие берудеміз. Жөн көрсетеміз деп жібекті жүн етіп алмайық. Ертең бала қандай азамат болып ер жетпек? Жеңіл ән тыңдап, жеңіл-желпіге бой ұрған бала өмірде салмақты қалып сақтай ала ма? Өкшемізбен жер теуіп, өкпемізді өшіргеннен не пайда таппақпыз? Жер дүние рухани жаңғырып жатқанда бізде рухани жандүниемізге бір сәт көңіл бөлейік.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
13 сәуір 2018 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031