» » Жақсы көру, Сүю, Ұнату, Ғашық болу ұғымдары туралы

Жақсы көру, Сүю, Ұнату, Ғашық болу ұғымдары туралы

Жақсы көру, Сүю, Ұнату, Ғашық болу ұғымдары туралы
Жақсы көру, Сүю, Ұнату, Ғашық болу ұғымдары туралы Ұнату, Ғашық болу, Жақсы көру, Сүю ұғымдарының ара жігіне тоқталатын болсақ, бұлардың бәрін бір ұғыммен Махаббат деп атаймыз. Махаббат ұғымы барлығына қаратып айтыла беретін ұғым. Мысалы Отанды сүю бар да, Адамды сүю бар. Екеуі екі бөлек ұғым. Отанды жақсы көру бар Отанға ғашық болу деген сөз жоқ. Ата-анаңа жақсы көремін деп айтасың. Ал, басқа халықтар да мұның бәрін бір атаумен атай береді. Мысалы, орыстар: «я люблю тебя». Бітті. «Я люблю тебя, родина», «Я люблю тебя, Мама». Біздегі аталған 4 сезімнің бәрі көбінесе ер мен әйел арасында болатын сезімдер. Сондықтан, жігіт пен қыз (махаббат жастыққа тән сезім болғасын, жігіт пен қыз деп алып отырмыз) арасындағы сезімдердің ара-жігін ажыратып көрейік. Ұнату – алғаш көргенде жігіт қызды ұнатуы мүмкін. Кейбір алып-ұшпа сезім иелері, бір көргеннен сүйдім-күйдім деп жатады. Бұл махаббат деген сөз емес. Бұл махаббаттың алғашқы сатысы ғана.
Ғашық болу – Сіз өміріңізде жүз адамға ғашық болуыңыз мүмкін. Бірақ, мұны махаббат деп шатастырып алмаңыз. Ғашық болу ұнатудан жоғарырақ сезім болғанымен бұл, жауапсыз махаббат сияқты, яғни біржақты махаббат.
Жақсы көру – сезімдердің ең аяулысы дер едім. Жақсы көру – жан үйлесімдігі. Ұнатқан, ғашық болған адамыңызбен сөйлесіп, білісіп жан сарайына үңіліп, өзіңізбен сәйкес келетінін сезіну сезімі. Кейде жақсы көру сезімі сүюден де жоғары тұрады. Мұнда тән үйлесімінсіз жан үйлесімі салтанат құрады. Ақындардың Музасына өлең арнатып, жырға қостыратын күштің артында осы жақсы көру сезімі тұрады.
Сүю – жоғарыдағы сезімдердің соңғы сатысы. Мұнда тән, жан үйлесімдігі бір арнаға тоғысады. Міне, Махаббат дегеніміз осы болар.
Massaget.kz
08 сәуір 2018 ж. 24 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031