» » Шаршы тақтадағы текетірес

Шаршы тақтадағы текетірес

Шахмат – кеңінен тараған спорт түрі. Оны ежелгі Үндістанда атақты математик асқан шеберлікпен, ақылдылықпен ойлап тапқан-мыс. Шахмат парсыдан аударғанда шах «патша», мат «өлді» деген мағынаны білдіреді. Шахмат ақыл-ой спортының бір түрі. Мақсаты – өзіндік «меніңді» жоғарылату, үздік нәтиже мен белестерді бағындыру. Бұл ойында адамның физикалық және интеллектуалдық деңгейі, өз-өзіңді басқару мен эмоционалдық тұрақтылық сынға түседі.
Ойын баланың ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондықтан балаға шахмат ойнаудың маңызы зор. Бұл спорт түрінде тактикалық ойлау негізгі фактор болып саналады. Мұнда дұрыс шешім қабылдаумен қатар, оған ұтымды жауап беру маңызды. Бұдан өзге шахматшының физикалық дайындығы мықты болуы тиіс. Баланың физикалық жағдайы әлсіз болса, көп уақыт отырып жаттығу жасай алмайды. Шахмат ойыны еңбекқорлықты, жинақылық пен табандылықты талап ететін спорт. Себебі жарыстарға дербес жаттығу, дайындық аса қажет. Яғни бала кезекті жеңісте психологиялық түрде икемделеді.
Шахматқа үйір бала ақылды, епті, икемді келеді. Сондай-ақ жастайынан өздігінен шешім шығарып, өтіп жатқан түрлі оқиғаны логикалық тұрғыдан бағалай біледі. Қарапайым сұраққа ересек адамша жауап беріп, саналы шешімге барады. Бала өз ісін жоспарлап, болжам жасап үйренеді. Уақытты тиімді пайдалануға, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде іш пыстырарлық спорт түрі болғанына қарамастан, ол жеңіске деген жігер танытуға жаттықтырады. Бір-екі ойыннан соң жас спортшы жеңіс пен жеңіліс тек өзіне тікелей байланысты екенін түсініп, жинақталады.
Осы ретте оқушылар үйінде «Шахмат» үйірмесі үздіксіз жүр­гізіліп келеді. Сабақта үйірме мүшелері түрлі логикалық тапсырманы орындап, жарыстарға қатысуға бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік алады.

Фариза ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ
05 қыркүйек 2019 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930