» » Күйзелістен сақтанудың оңай жолы табылды

Күйзелістен сақтанудың оңай жолы табылды

Күйзелістен сақтанудың оңай жолы табылды
Халықаралық ғалымдар тобы физикалық жаттығулар күйзелістің алдын алатынын анықтады. 
EurekAlert порталының мәліметінше, ғалымдар психикасы сау 266 939 адам қатысқан 49 когортты зерттеудің қорытындысына сараптама жасаған. Сауалнама толтырғандардың 47%-ы ер адамдар болған. Бұл мониторингтің орташа уақыты 7,4 жыл. Зерттеу барысында дене салмағы, зиянды әдеттердің болуы мен физикалық жалпы жағдайы есепке алыныпты. 
Зерттеушілер физикалық түрде белсенді адамдарда күйзелістің пайда болу қаупі төмен екенін байқаған. Сонымен қатар бұл жағдайда адамның жасы мен қай елде тұратындығы маңызды емес екен. 
"Бұл физикалық белсендік адамдарды депрессияның дамуынан қорғайтынын дәлелдейтін алғашқы жаһандық метасараптама", - дейді еңбектің жетекші авторы, профессор Фелипе Баррето Шуч.
Ғалымдардың пайымынша, зерттеу салауатты өмір салтын дәріптеуге септеседі. Мамандар ары қарай қандай спорт түрі депрессияның дамуынан қалай сақтайтынын және қажетті жаттығу мөлшерін анықтамақ. 
30 сәуір 2018 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30