» » КӨК ЖӘШІКТЕН ҚАТЕР КӨП

КӨК ЖӘШІКТЕН ҚАТЕР КӨП

Ғалымдар теледидардың алдында көп отырудың денсаулыққа қатерлі жағын анықтады.Телевизорды ұзақ қарау вена тромбозы қаупін өсіреді. АҚШ-тағы Миннесота университеті ғалымдары осындай қорытындыға келді. Зерттеудің нәтижесі туралы Science Daily басылымы жазған, ол туралы РИА Новости қысқаша хабарлады.

Медиктер 24 жыл бойы 45-64 жас аралығындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылаған. Бұл уақыт ішінде олардың денсаулығы және өмір салты туралы үнемі сауалнама жүргізіп отырған. Осы кезеңде зерттеуге қатысқан 691 азаматан вена тромбозы табылған.
Телевизор алдында ұдайы түрде ұзақ уақыт өткізетін адамдардың бұл ауруға шалдығу қаупі 1,7 есе жоғары екені анықталды. Және тромбоз қаупі күшті адамдардың салмағы және физикалық қимыл-қозғалыс көлемі бірдей болған.
«Бұл нәтижелер көрсеткендей, үнемі физикалық жаттығу жасайтын адамдардың өзі қозғалыссыз ұзақ отырудың, оның ішінде көп уақыт телевизор қараудың зиянды жақтаруын ұмытпауы керек» дейді зерттеу авторларының бірі Ясухико Кубота.
Вена тромбозы деп вена тамырларының ішінде тромбтардың пайда болуын айтады. Көбіне бұл өзгеріске аяқтың тамырлары ұшырайды. Ауру салдарынан өкпе тамырлары бітеліп қалуы мүмкін, уақытында емделмесе оның соңы өлімге апарып соғады.

23 ақпан 2018 ж. 1 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930