» » ҒАЛЫМДАР ҚАРТАЮДЫ БАЯУЛАТАТЫН ҚАРАПАЙЫМ ӘДІС ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР ҚАРТАЮДЫ БАЯУЛАТАТЫН ҚАРАПАЙЫМ ӘДІС ТУРАЛЫ АЙТТЫ

 

Лондонда Бирмингем университетінің ғалымдары велосипед тебу қартаюды айтарлықтай баяулататынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Medical Xpress порталына сілтеме жасап.

Олар мұндай қорытындыға келу үшін зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу жұмысына 55-79 жас аралығындағы велосипед тебуді жақсы көретін 84 ер адам мен 41 әйел қатысқан. Сондай-ақ, олар темекі шегу, ішімдікке әуес болу сияқты зиянды әдеттен ада болған. Зерттеу жұмысы бойынша, ерлер велосипедпен 6,5 сағат ішінде кем дегенде 100 шақырым жүруі керек болса, әйелдер 5,5 сағат ішінде 60 шақырым қашықтықта жүруі керек болған.
Зерттеу жұмысына қатысушылар лабораториялық тесттен өтіп, оның қорытындысын спортпен айналыспайтын 57-80 жас аралығындағы 75 адам және 20-36 жас аралығындағы 55 адамның көрсеткіштерімен салыстырған. Зерттеу жұмыстары физикалық тұрғыда белсенді қатысушылардың бұлшықет күшін жоғалтпағанын дәлелдеді. Сондай-ақ, велосипед тебушілердің жасы ұлғайған сайын артық салмақ қоспайтыны және қандағы холестерин көлемі ұлғаймайтыны анықталған.
«Спортпен айналысу айырша безінің белсенділігін арттырады. Айырша безінің көлемі адам жасы ұлғайған сайын кішірейе береді. Жас адамдардың иммундық жүйесі қанша жасуша бөлсе, велосипед тебетіндердің айырша безі де сонша жасуша бөледі. Демек, велосипед тебетіндердің ағзасы баяу қартаяды», - дейді университет профессеры Стивен Харридж.
12 наурыз 2018 ж. 1 586 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 08:11
Z Pak Online generic cialis from india Amoxicillin Clavulanic Acid Suspension Dosage Dutasteride Canada Overnight Shipping Overseas On Line

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728