ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

Үстел ойыны туралы не білеміз? Әрине, үстел ойыны дегенде ең алдымен еске түсетіні – ханталапай, шахмат, дойбы. Бүгінде бүкіл әлемде үстел ойынының танымалдығы күн санап артуда. Аталған ойын ми жұмысын дамытумен қатар жақсы қарым-қатынас орнатуға жәрдемдеседі. Бір қызығы, ойын адамға ережелерді есте сақтауға көмектеседі.  Сонымен қатар әділдікті ұмытпауға үйретеді.
Үстел ойынының ережесі бірнеше адамның қатысуын талап етеді. Олар үнемі жақын қарым-қатынаста болып, ойыннан тәжірибе алмасады. Өкінішке орай, қазір біз уақытымызды жақындарымызбен не болмаса достарымызбен бірге үстелдің басына жиналып қалтафонға үңілумен өткізіп жатырмыз. Осындайда пайдасы мол үстел ойы­нын неге ойнамасқа?
Ханталапай – қазақтың ұлттық ойыны. Ойын ережесіне сәйкес ойыншылар шеңбер жасап отырады. Асық арасынан ерекше біреуін хан етіп таңдап, шеңберге асықты шашады. Асықтың қай жағымен құлағаны маңызды. Себебі, асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізе алмаса немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесі ойыншыға беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтың жоғарғы бөлігімен жасалады. Ойын соңында Хан кімде болады, сол жеңімпаз атанады.
Бүгінде әр үйде асық табыла бермейді. Ата-аналарымыз да бұрынғыдай «балам ойнасын» деп асық жимайды. Дей тұра ұлттық ойынды отбасы тәрбиесінде кәдеге жаратып жүрген жанның бірі – Әбіл Ахмет. Ол баласына асық ойнауды үйретуде.
 – Тәрбие отбасынан басталады. Бізге бала күнімізде әкеміз асық жиып беріп, оның қағуын «алшы, тәйке, бүк, шік» деп үйрететін. Мен де әке жолымен балаларыма үйретіп келемін. Көктем басталып күн жылынса баланың үйде тұрмай далаға аңсары ауатыны белгілі ғой. Сондықтан осындайда ұлттық ойындарды ойнағаны әлдеқайда жақсы емес пе? – дейді ол.
Тоғызқұмалақ – ой-өрісті дамытатын үстел ойынының қатарында. Оның өзіндік пәлсапасы бар. Тоғызқұмалақтың пәл­са­палық мәні – жеңілмеу, алғашқы 81 құ­малақты сақтап қалу. Осыған орай, онда басқа логикалық ойынға қарағанда өзіндік ерекшелік бар. Ол – жемеу. Жемей-ақ діт­теген мақсатқа жету. Тоғызқұмалақта бұл жүріс алыс-беріс деп аталады. Тоғызқұмалақ ойынында оның көрінісі – тұздық арқылы байқалады. Ойыншының екеуіне мұндай мүмкіндік берілген. Осы екі мүмкіндік арқылы бастапқы құмалақ санын, яғни 81 құмалақты сақтап қалуға болады. Міне, тоғызқұмалақ ойынының пәлсапасы осында.
Шахмат – ақыл-ой спорты. Бұл ойынды тақта үстіндегі тартыс деуге болады. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан нұсқада жылдам әрі нақ есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шахмат  ойынында адам өз бетінше шешім қабылдап, өз ісін жоспарлап, болжам жасайды.  Уақытты тиімді пайдалануға, алға қойған мақсатқа жетуге икемделеді.
Иә, қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты сонымен қатар байсалдылықты, мінез-құлықтың қалып­та­суымен бірге білек күшін, дененің сомданып шынығуына сеп. Ал үстел ойы­ны ойыншыларға шапшаң ойлауға, логикалық қабілетті шыңдауға, сонымен қатар стратегиялық ойлауды, ақылды болуды талап етеді. Әрі-беріден соң бұл дағдылар сізге шынайы өмірде пайдалы болмақ. Үстел ойы­ны маңызды қарым-қатынас дағдысын меңгеруге, адамдар арасындағы байланыс­ты жақсартуға және сенімге жұмыс істейді.
Сіз білесіз бе? Қандай да бір істе мықты маман болсаңыз кәсіпкер болу қажет емес. Себебі, сүйікті ісіңіз сізді үлкен табысқа кенелтеді. Оған шахмат дәлел бола алады. Норвегиялық Магнус Карлсен аталған ойын. түрінен жылдық табысы 480 мың АҚШ долларын құраған. Міне, бұл бір ғана шахматтың жеңісі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
29 шілде 2019 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031