» » Қызылордада асық ойнауды үйретуден ынталы азаматтарға демеуші қажет

Қызылордада асық ойнауды үйретуден ынталы азаматтарға демеуші қажет

Қызылордада асық ойыны үйірмесі ашылды. Балғындарға ұлттық спорттың біртабан шеңбер, ханталапай, және топталып шыр ойнау сияқты түрлері таныстырылып жатыр.
Ұйымдастырушылар сондай-ақ балаларға шертіп қадап, шиіріп атуды үйретеді. Төл ойын үйірмесіне жазылған  30 шақты бала және 10 мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері арасында «Асығың алшысынан түссін» атты сайыс та ұйымдастырылды. Ғаламторға телмірген жастарды сергектікке баулу және атадан балаға мирас болған тарихи-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға шақырған шарада ойынның ауқымын кеңейту жайы талқыланды. Мақсат – асық атудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, бұқаралық ойынға айналдыру.       
Райхан Наукеев, асық үйірмесінің жетекшісі:
- Көздің көру қабілетін күшейтеді, асықты қолға шиірсең массаж болады. Әр саусаққа, білекке қимыл береді. Сосын математикамен, геометриямен сабақтастыруға болады. Тұру траекториясы бар, ату, дәлдік бар. Біз ынталылар тобымыз. Әр аулада аймақтар ашылып, спортты дамытатын үкіметтен қаржыландырса немесе демеушілер әр мектепте сыныптан тыс үйірме қосып қаржыландыратын болса, керемет болар еді.
03 наурыз 2018 ж. 2 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930