» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ЖАҢҒЫРТУШЫ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ЖАҢҒЫРТУШЫ

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынды «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі тоғызқұмалақты алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазы­лып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұра­тын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады. Тоғызқұмалақ – ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін мең­гер­уі­не ықпал етеді және бабаларымыздың осал адам­дар болмағанына көз жеткізеді.
Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты – ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап, жеңіске жету.
№15 аудандық олимпиадалық резерв­тің мамандандырылған мектебіндегі «Тоғыз­құ­ма­­лақ» үйірмесінің жаттықтырушысы Әбу Төре­маханов ұлттық ойынды дәріптеп жүрген жандардың бірі.
«Жігітке жеті өнер де аз» демей ме халқымыз. Қолынан азамат істейтін жұмыстың барлығы ке­ле­тін маман ойлау қабілеті жағынан да осал емес. Кенжелеп қалған ұлттық ойындардың бірі тоғызқұмалақты ауданда алғаш қолға алып, жастарға үйретуге бет бұрған. Тоғызқұмалақтың тарихы, ойын әдістері туралы кітаптар іздестіріп, ойға алған ойын туралы нәтиже шығару үшін ардагерлер арасында Қазақ­станның бірнеше дүркін чемпионы, жат­тық­тырушы Қырмызы Секинадан сабақ алады. Ұлттық ойынды ұмыт қалдырмауға тырысқан көп ізденісі мен зор талабының арқасында аз уақыттың ішінде қыр-сырын тез меңгеріп алады.
Әбу Төремаханов 2002 жылдан бері спорт мектебінде ашылған «То­ғызқұмалақ» үйірмесіне жетекшілік етуде. Көп жастардың қызығушылығын оятып, кен­же­леп қалған ойынның деңгейін көтеріп, аудан, облыс, республика көлемінде өткізілген сайыс­тарда топ жарар шәкірттер тәрбиелеуде.
–Үнемі сабақ алып, республикалық тур­нир­лерде топ жарған шәкірттеріміз бар. Ойын туралы ақ­парат, жарнама жақсы айтылса, бұл ойыннан жа­рыстар жиі өткізілсе, әрине әрбір жастың қызы­ғу­шылығы оянады. Қазір Гүлнар Серікбаева екеу­міз 60-қа жуық шәкірт тәрбиелеудеміз. Біздің үйірмеге қатысқан жастардың алды мектептерде математика пәнінен дәріс беріп жүрсе, көбі медициналық академиялардың студенті атанған. Яғни, ойлау қабілеті ұшқыр, зерек жастар ғана біздің ойынды тез меңгеріп алып, одан міндетті түрде нәтиже шығарады, – дейді маман.
Өнерді үйрен де жирен. Спорт – үлкен өнер. Өнер болғанда да бүгінгі қазақ жастарының сүйіп айналысатын, тіпті халықаралық жастар қатынасының діңгегі болып отырған өнер.
Спорттың да өнер ретінде таңдап алар түрі көп. Бір түрі – бұла күштің толысуына әкелсе, екіншісі жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа бастайды. Ал, төртінші бір спорт түрі жас адамды ойлылыққа, күрделі істің күрмеулі жібін тез шешуге дағдыландырады, бау­лиды. Мұндай спорт түрінің қатарында әрине шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ бар.
Атадан балаға мирас болып, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты тарих бетінен өшірмей, өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Ұлттық ойынды жаңғыртып, жастарға үйретуден жалықпайтын осындай жаттықтырушылармыз барда жетістік те толастамасы анық.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ.
05 ақпан 2018 ж. 2 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031