» » Асық ойын түрлері

Асық ойын түрлері

Тас қала.
Асық ойынының келесі бір түрі тас қала деп аталады. Тегіс жер таңдалып, шебер сызылады да оған асықтар пирамида тәрізді бірінің үстіне бірі жиналады. Ойын реттілігін әдеттегідей асықтарын иіру арқылы анықтайды. Атушы тас қалаға сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, асықты алып, сақасы түскен жерден ойынды жалғастыра береді. Егер тас қаланы құлатып, шеңберден шығара алмаса, айыбын қосып, тас қаланы қайта тұрғызады. Қалған ойыншылар кезегімен ата береді.
Ханталапай.
Көпшілікке таныс асық ойынының түрі. Бұл ойын үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Балалар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші асықтарды ортаға «ханталапай» деп шашып жібергенде бәрі таласып жинап алуы керек. Кім аз жинаса, сол ұтылады. Бұл ойын баланың жылдамдығын арттырып, жүйке жүйесін шыңдайды. Тілін дамытып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Құмар.
Бұл ойынды үлкен де, кіші де ойнайды. Ойынға 5-6 адам ғана қатысады. Тегіс жерде ойналады. Ойынға мұқият тазартылған, боялған төрт асық керек. Асықты иіреді, төртеуі де алшы түссе, «құмар» болады. Яғни, төрт ұпай. Ал төртеуі де тәйке – үш, бүк – екі, шік бір ұпай алады. Ұтылған адам ұпай төлейді. Ойын шартында көрсетілгендей, ән айтып, би билеуі де мүмкін. Соңы ойын-сауыққа жалғасқан.
Хан.
Жиналған асықтарды бір жерге біріктіріп, көп асықтың ішінен бір асықты хан сайлайды. Арадан төреші сайланады. Ол ортаға асықтардың барлығын иіре бас­тайды. Хан көп асықтың ішінен көрінбей қалуы мүмкін. Мұндайда иірушінің «ханды қара басты» деген сөзін естіген соң ойыншылар асықтарды талап алады. Ал егерде хан көрініп жатса, ханмен бүк түсіп жатқан асықты атады. Бірақ басқа асықтарды қозғап алуға болмайды. Ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді. Аса ептілікті қажет ететін ойында ойыншы дөрекілік танытып, қалай болса солай ойнаса ұтылады. Өз-өзін ұстауға бейімдейтін ойын баланы жастайынан жақсы әдеттерге тәрбиелейді.
Асықты тігіп ойнау.
Бір топ бала тегіс жерді таңдап, төртбұрыш сызады. Мұны көн деп атайды. Оны екіге бөліп, нақ ортасына асықтарды тігеді. Асықтарды ататын қашықтық өзара келісіммен жүзеге асады. Асығы алшысынан түскен ойыншы бірінші атады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, көн сыртына шығарса, асықты алып, сақасы түскен жерден ары қарай ата бастайды. Көннен шығара алмаған жағдайда ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
Омпа.
Бұл ойын көбінесе бозбалалар арасында ойналады. Бұл үлкен алаңда өтетін ойын. Ойыншылар арасында қашықтығы жиырма метр екі көн сызылады да, біріншісі төртбұрыш етіп жасалады. Оның дәл ортасына ойын асықтары тігіледі. Дәл ортаға бір асық омпа тұрғызылады. Кезекпен омпаны атады. Кімде-кім омпаға тигізіп және оны шетке шығарса, асықты түгел сол алады. Ал омпаға емес, басқа асыққа тигізіп, оны шетке шығарса, сол асығын ғана алады. Ойын осылай жалғаса береді.
Алшы ойыны.
Алдымен ойын ережесіне сай сақаны таңдап алу керек. Салмақты болғаны ләзім. Өйткені, салмақты сақа алшы тұрғыш келеді. Бұл ұтысқа бір табан жақындатады. Ойнаушы санында шек болмайды. Ойын жүргізушісі барлығының сақасын жинап алып, кезек белгілеу үшін сақаларды иіреді. Алшы түскені – бірінші, тәйке түскені – екінші, бүк үшінші, шік төртінші атады. Осылайша ойын басталады. Кезегі келген ойыншы асықты атқанда сақасы мен ойын асығы екі түрлі түссе, атуды тоқтатады. Бірдей түссе, асықты алып ойынды жалғастырады. Келесі ойыншы сақаны иірген кезде тәйке түссе, келесі ойыншы көмбеден оның сақасын атады. Тигізсе, сақа иесі, тигізбесе атқан адам ойыннан шығады. Осы реттілікпен көмбедегі асық таусылғанша, ойналады.
18 қыркүйек 2018 ж. 6 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031