Құрылтай
» » Ақтауда 15 жастағы қыз бен жігіт үйленді (видео)

Ақтауда 15 жастағы қыз бен жігіт үйленді (видео)

Желіде 15 жасында отбасын құрып, дүркіретіп той жасаған жасөспірімдердің видеосы пайда болды.
Ақтаулық Рахмендулла және Әсем есімді жасөспірімдер биыл 19 шілдеде отау құрған екен. Екеуі де 2004 жылғы, колледж студенттері. Әсем Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылының тумасы, ал Рахмендулла Маңғышлақ ауылынан. Әсемнің айтуынша, екеуі бір-бірін сүйіп қосылған.

«Мұның алдында да ұзақ сөйлестік, былтыр қазанда достарымыздың туған күн кешінде таныстық, кейін 3-4 ай кездестік. Мені көру үшін ол ауылынан келіп тұратын. Осыдан кейін мені алып қашып кетті. Алып қашатынын білмедім. Артымнан қуғыншылар келгенде, әрине, ата-анам алғашында қарсы болды. Бірақ «қайтып келген қыз жаман» дегендіктен және бір-бірімізді сүйгендіктен сол үйде қаламын деп ұйғардым», — деді Әсем.

Жас жұптың айтуынша, ата-анасы бастапқыда қарсы болған. Алайда қыз анасы мен әкесін көндіре алған. Бірақ жастар некесін тек мешітке барып, мұсылманша қидырғанын, ал ресми түрде 18 жасқа толғанда ғана тіркелетінін айтады.

Жас келіннің айтуынша, ғашықтар осындай жасында отау құрып, отбасылы болудан қорықпаған. «Көбі жаман ойлайды, жүкті болып тұрмысқа шыққан шығар дейді. Олай емес, бір-бірімізге сүйіп қосылдық. Рахмендулланың анасы маған қызындай қарайды. Үй шаруасымен көмектеседі. Қиналып жүрген жоқпын», — деді ол.

09 қыркүйек 2019 ж. 1 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 587
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 048

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31