» » Блогер қызды бауыздап өлтірген жігіті оның қан-жоса суретін желіге салған

Блогер қызды бауыздап өлтірген жігіті оның қан-жоса суретін желіге салған

Нью-Йорк штатында кәмелет жасқа толмаған Instagram желісінің жұлдызы, блогер қыз Бьянка Девинсті өлтіріп кетті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап, Zakon.kz.

Күдікті Брэндон Кларк деген жігіт қызбен екі ай бұрын танысу сайты арқылы достасқан. Полицияның айтуынша, көңіл жарастырған қос жұп концертке барады, содан кейін жігіт Дэвинсті бауыздап, оның қан-жоса суретін әлеуметтік желілерге сап, таратып жібереді.
Күдіктінің өзі полицияны шақырып, селфиге түсіп, оны да желіге салған.
- Бұл менің соңғы жазбам шығар. Олар мені іздеп келе жатыр. Мен жантүршігерлік нәрсе жасадым ... Өкінемін, әрине, - деп жазды ол.
Суретте жас жігіт миығынан күліп тұр.
Кларк полиция келгенде өзін-өзіне қол салмақ болған. Алайда олар оны аман алып қалған.
Жігітті Қасиетті Елизавета ауруханасына жеткізіп, ол арада оған ота жасалды. Қазір оған қасақана кісі өлтіру айыбы тағылды.
Блогердің әпкесі Оливье Девинс әлеуметтік желідегі жазбасында Кларкты отбасысы танитынын, бәрі жақы дос болғанын, оған қатты сенгендерін жазған.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицияның болжамынша, қанды оқиғаға қос жұптың арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін.


18 шілде 2019 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031