» » » ҮШ ҚЫЗ КӨРДІМ БАУЫРЫНДА ЖОСАЛЫНЫҢ...

ҮШ ҚЫЗ КӨРДІМ БАУЫРЫНДА ЖОСАЛЫНЫҢ...

Әйгілі «Қыз Жібек» жырының: 
«Қособаның көлінде,
Қоса кетті дегейсің,
Маңдайынан қызыл қан,
Жоса кетті дегейсің», деген жолдары арқылы көп қазақ­тың құлағында қалған, «қан жоса» дейтін тіркес арқылы әлі де қолданыста келе жатқан «жоса» сөзіне атақты Естай­дың «Еркем» дейтін әніндегі «үш қыз көрдім бауырында Жосалы­ның...» деп жолдары арқылы соға кетудің сәті түсіп тұрғандай. 
Жосалы – жердің аты. Алайда бұл атау қазақ өмірінде көп қолданылған, кейін келе қажеттіліктің азаюына байланысты ұмыт болып кеткен заттың атауына байланысты аталғанына күмән жоқ. 
Қазақ бұрын қолында бояу, сыр болмай тұрған кезде уық, кереге, шаңырағын жосалаған. Жоса – табиғатта болатын табиғи бояу. Кәдімгі кесек топырақ секіл­ді, бірақ топыраққа қара­ған­да керіш қызыл түсті зат. Жосасы бар жота, сайлар көп бола бер­мейді, жазғытұрым тез аңға­рылады. Жердің миы езіліп, енді ғана көктемнің кебе­құрғақ кезі басталғанда қып-қызыл болып көзге түседі. Сол жерден оны күрекпен қа­зып әкеліп суға езіп уық, кере­гені жосалайды. Ол бір жағы киіз үйдің сәнін келтірсе, екін­ші жағынан уық, кереге, шаңы­рақ, күлдіреуіштер аумай, қисаймай қалпын сақтап тұрады.
Жосалы деп жердің атының аталуы жоса шыққан жер болған соң қойылып отыр. Жосалы деген жерлер Қазақстанда да, өзге шетелдегі қазақтар мекен еткен жерлердің бәрінде бар. Өйткені тегінде түгел қазақ кереге, уығына осы жоса­ны пай­даланған. Түсінің қызыл болуы себепті оны үнемі «аузы-мұрны қан жоса болды» деп қан­мен байланыстырып айтамыз. 
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
22 қаңтар 2018 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728