» » АҚШ-та басылымдардың бірінің кеңсесінде атыс болды

АҚШ-та басылымдардың бірінің кеңсесінде атыс болды

АҚШ-тың Аннаполис қаласындағы басылымының кеңсесінде атыс болып, 5 адам қаза тапты. Тағы 20 кісі жарақат алды. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Полиция күдікті жас жігітті ұстады. Ол Джеррод Уоррен Рамос есімді жергілікті тұрғын болып шықты. Қылмыскер тұтқындау кезінде үстелдің астына жасырынуға тырысқан. Сондай-ақ өзін анықтай алмау үшін саусақтарын бүлдіріп тастаған. Тәртіп сақшылары оның сөмкесінен жалған граната мен түтіндеткіш құты тапты. Құқық қорғаушылар қаскөйдің әзірге ешқандай сұраққа жауап бермей отырғанын айтады. Ал куәгерлердің айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат түскі үштер шамасында басталған. Жас жігіт кеңсенің терезелі есігінен оқ жаудырып кірген. Қазір қылмыскердің үйі тінтеліп, тергеу жүріп жатыр. Нью-Йорктегі кей басылымдардың кеңесесі күзетке алынған. Райан Фрешуре, Аннаполис қаласы полициясының өкілі: - Қазір бізде күдікті туралы ешқандай ақпарат жоқ. Әзірге ол жалғыз әрекет еткен деген пікірдеміз. Бірақ әлі де тексеріп жатырмыз. Өйткені оған біреулер көмектесті ме, жоқ па, соған көз жеткізуіміз керек.

29 маусым 2018 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 921
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 565

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930