» » Тазалық талапқа сай болса...

Тазалық талапқа сай болса...

«Тазалық – денсаулық кепілі». Тазалық төңірегінде бұл мәселені айта-айта жауыр болғаны шындық. Ауданда басқа бағытта жұмыс қарқынды жүргенімен, тазалық мәселесіне келгенде ақсап тұрғанымыз анық. Оны қарапайым сөз емес, ұлағаты мол, мағыналы сөздің бірі ретінде түсінуіміз қажет. Себебі тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің көрсеткіші.
Қалыптасқан дәстүр бойынша сенбі күні Жосалы кенті мен барлық елді мекенде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды. Тазалық жүргізудің алғашқы шарасы кент, ауылдық округтерде өтті.
Сенбілік барысында аудан әкімдігі бекіткен көшелерде тиісті мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, қоғам үшін қажетті іске жоғары деңгейде қатысты. Тазалық жұмысын назарға алып кент орталығындағы көшелерге шолу жасаған болатынбыз. Бұрын күл-қоқыстан көз ашпайтын көшелер қалыпқа келтіріліп, кемшіліктер түзелгенін аңғардық. Сегізов көшесіне аудандық мәдениет үйі мен клубтары мекемесі шықса, Абай көшесін №26 мектептің техникалық қызметкерлері тазалықты өз деңгейінде орындаған. Сондай-ақ «Ана мен бала» ескерткішінің айналасын кент әкімдігі, Ізтілеуов көшесіне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен аудандық мұражай мекемесі сенбілік жүргізді. Кенттің мекемеге бекітілген бірқатар көшелері де тазалықсыз қалмады. Әйтсе де кейбір тұрғыны көп шоғырланған жердің қоқысы тазартылмай кент келбетін бұзып тұрғанының да куәсі болдық.
«Айтпаса сөздің атасы өледі».  Қазіргі жағдайда кей тұрғынның көше бойында, есігінің алдында сенбілік жүріп жатқанын көре тұрып, қосыла тазартудың орнына терезеден сығалаудан әрі аспайды. Тіпті есігінің алдына шығып, «сендердің істейтін жұмыстарың» дегендей сыңай танытатыны тағы бар. Су жүретін өтпелер әлі де болса босап қалған құты мен шыны бөтелкеден көз ашпайды. Көпқабатты үйлердің маңына арнайы қоқыс төгетін орын белгіленгені мен кейбір тұрғын кір суын, полиэтилен қалдығы мен қап толған қоқысты көшеге тастауда.
Біле білсек, бұл өмір сүріп отырған ортаның тазалығы, айналамыздың айнадай таза болуы – әрбіріміздің қолымызда. Әрбірден соң бұл біздің туған жерге деген құрметіміз бен қошеметіміз. Бұл біздің өзімізге деген көзқарасымыз бен мәдениетіміз. Ал оған атсалысу, оның болашағы жолында жанашырлық танытуды тазалықтан бастасақ дұрыс болар еді.
 
           Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 қыркүйек 2019 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031