» » ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсенбіде аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен тұрақты кеңес өтті. Оған бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, кент, ауылдық округі әкімдері қатысты.
Тұрақты кеңесте күн тәртібі бойынша екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Наурыз мейрамын ұйымдастыру шаралары туралы» аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев хабарласа, екінші мәселеге орай «Аудан бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы» аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Жиенбаев баяндады.
– Аудан әкімдігінің осы жылдың 7-наурызында №241 ө/нқ өкімі қабылданып, онда санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандырудың 2 айлығы жарияланды. Оның барысында аудан көлемінде біршама жұмыстар жоспарлануда. Әр елді мекен бойынша атқарылған мәлімет әр аптаның дүйсенбі күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылады. Ол әр айдың басында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданады. Көктемгі санитарлық тазалық айлығы кезінде елді мекен аумағын күл-қоқыстан тазарту, көшет егу, арық тазалау, аяқ сумен толық қамтамасыз ету, гүл егу сынды жұмыстар белсенді атқарылуы тиіс, – деді бөлім басшысы.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
18 наурыз 2019 ж. 1 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930