» » Батырға құрмет, тарихқа тағзым

Батырға құрмет, тарихқа тағзым

Өткен ғасыр адамзат баласы басынан өткер­ген зұлматтың бірі – ғасырдың ең ірі техногендік радиациялық апаты қазақ даласындағы Семей ядролық полигоны мен Чернобыль атом электр станциясын­дағы жойқын жа­рылыс еді.
1949 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигонында алғаш жарылыс болды. Кеңес Одағының халықтан жасырып жасаған яд­ро­лық қаруларын сынау кезеңі осылай басталған. Сол жылдан бас­тап 1989 жылдар аралығында жасырын түрде өткізілген бес жүзге жуық сынақ жүргізілгені мәлім. Бұл бірер сөйлемге кіріп кеткен құрғақ сан болғанымен санаға сыймайтын дүние, сүйекке түскен таңба, ұлт тағдырына сілтенген сойыл. Дегенмен біздің ел бейбітшілік жолында бірнеше қадам жасап, атом бомбасынан бас тартты. Жапан далада жапа шеккен халқымыздың қасіретін жаһанға жария етіп, «зияны жоқ» деп сендірген жерасты сынақтарына ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен тосқауыл қойылды. Бұл – Тәуелсіз елдің басты жетістігі. Біздің елдің бастамасы әлемге үлгі болды.
Иә, Семей ядролық сынақтар мен бірге Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мың­даған отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса апаттың ау­қымы одан да үлкен болуы ық­тимал еді.
Осыған орай, өткен апта­да аудан орталығындағы «Жас­­тар» саябағында 29 тамыз – Ха­лықаралық ядролық сы­нақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай мерекелік шара өтті. Оған осы сынақтарды тоқтатуда алғы шепте болған аудан азаматтары мен қонақтар қатысты.
Шараны аудан әкімінің уа­қытша міндетін атқарушы Әділ Қошалақов ашып, сынаққа қа­тыс­қан ардагерлерді мере­ке­ле­рімен құт­тықтады.
– Семей ядролық сынағы мен Чернобыль апаты елімізге өш­пестей дақ түсірді. Оның зардабын халық тартып, ауру бала дүниеге келді. Оны ешкім ұмытпайды. Ядролық қару ол бүкіл әлемге төнген қауіп. Тұңғыш президент осы қарудан бірінші болып бас тартып, тосқауыл қойғаны баршамызға мәлім. Қа­зақстанның бұл қадамын бүкіл әлем қолдады. Чернобыль апатын жоюға біздің жерлестерімізде қатысып, жігер­лілік танытты, – деді Ә.Үсенұлы.
Шара одан әрі марапатқа жал­ғасып, ардагерлер аудан әкімінің және «Nur Otan» партиясы ал­ғыс хатымен марапатталды. Чер­нобыль апатына қатысқан аза­маттарға арнайы «Герой Чернобыля» төсбелгісі тағылды.
Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл, Чернобыль апатына – 33 жыл толуына орай арнайы орнатылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өтіп, гүл шоғы қойылды.
Біздің балалары бабалар бас­тан кешкен тағдыр соққысына ешқашан душар болмақ емес. Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға еш уақытта қайталанбауы тиіс. Ашылған ескерткіштер та­рихқа тағзым, батырларға деген бүгінгі ұрпақтың құрметі.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 қыркүйек 2019 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031