» » Семей сынақ алаңының жабылуы мен Чернобыль апатын еске алуға орай ескерткіш ашылды

Семей сынақ алаңының жабылуы мен Чернобыль апатын еске алуға орай ескерткіш ашылды

Ауданымызда 29 тамыз күні – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай шаралар өтті.
Семей ядролық полигонының жабылуына - 30 жыл және Чернобыль апатына - 33 жыл толуына орай аудан орталығындағы «Жастар саябағында» арнайы орнатылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өткізілді.
Шараға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы қатысып, жиылған жұршылыққа атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, пікірін білдірді.
Өткен ғасырда адамзат баласы басынан өткерген зұлматтың бірі ғасырдың ең ірі техногендік радиациялық апаты Чернобыль атом электр станциясындағы жойқын жарылыс пен қазақ жеріндегі ядролық сынақтар еді.
Осы сынақтарды тоқтатуда алғы шепте болған аудан азаматтары шараға қатысып, сөз алған азаматтар мұндай зұлмат жылдардың қайталанбауына тоқталып өтті.
Тәуелсіздік алғаш алған уақыттан бастап, Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
бастамасымен Семей сынақ алаңы жабылды.
Осы жылдар ішінде бес жүзден аса жойқын ядролық жарылыстар болыпты.
Шарада сол апатты жерде әскери қызметте болған, сол бір ауыр күндердің куәгерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалының алғыс хаты табысталды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 тамыз 2019 ж. 1 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031