» » Сыңғырла, күміс қоңырау

Сыңғырла, күміс қоңырау

Қоңыр күздің алғашқы күнімен келетін алғашқы қоңырау салтанаты ел аумағында жыл сайын ерекше тойланады. Үш ай демалыстан соң, алтын ұя мектебіне сағына жеткен мұғалімдер мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Тағы бір оқу жылы артта қалып, жаңа оқу жылы басталды.
Білім күні – алтын ұясына сағына ұм­тылып, шұрқыраса табысатын шә­кірттердің ғана емес, білім мен тәрбиені кие тұтқан абзал ата-аналар мен ұлағатты ұстаздың да мерейлі мерекесі. Бұл кү­ні қариялар немересін мектепке жете­лесе, табалдырығын жаңа аттаған бүл­діршіндердің көңілі алып-ұшып, алғашқы ұстазымен қауышқанша тағатсыздана асығады. Иә, 1 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде алғашқы қоңырау соғылып, балалар мектепке барды.
Жексенбіде аудандағы білім беру ор­да­ларында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Кент орталығындағы №30 орта мектебі мен №27 орта мектебінде өткен алғашқы қоңырау салтанатына аудан әкі­мінің міндетін уақытша атқарушы Әділ Қошалақов қатысып, Білім күні мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды жаңа оқу жылы­мен құт­тықтаймын. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын, ұстаздар қауы­мының алғашқы жұмыс күнімен, мектеп табалдырығынан аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларының толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәт­терімен есте қалады. Біздің елімізде жыл сайын сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып келеді. Еліміздің ертеңі мен кемел келешегі үшін жасап жатқан қажырлы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Балаларымыздың болашағы айқын, қадамы жарқын болсын, – деді Әділ Үсенұлы.
Осы оқу жылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқуда ғимаратының 2 ғимараты бүгінде пайлануға беріліп отыр. Сонымен қатар №27 орта мектебінде де алғашқы қоңырау салтанаты өтіп, балақайларды мектепке қабылдады. Аталған мектептің 2 ғимаратының 1 негізгі оқу ғи­маратының құрылысы аяқталды. Мұнан өзге асхана мен ойын алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жаңа оқу жылына аудан мектептері толықтай дайын. Атап айтатын болсақ, жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын тиісті талап-деңгейге келтірілуде. Мектептердегі жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді.
Ғимарат ішінде орналасқан бу қа­зандығын сыртқа шығару жұмысына 5 мек­тепке облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда №27, №29, №105, №28 мектептердің жұмысы толығымен аяқталып қабылданды. Сонымен қатар Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің сұйық отын жылу қазандығы сұйытылған газға ауыстырылды.
Биылғы оқу жылында жаңартылған бі­лім беру мазмұны бойынша сыныптар толығымен көшірілетін болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 қыркүйек 2019 ж. 4 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930