Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

– Осы жылы аудандағы екі мектепке, атап айтар болсақ, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп пен С.Есқараев атындағы №27 орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептегі жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру аяқталуға жақын. Мұнан өзге жуырда өткен облыстық тамыз кеңесінен ауданға қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейі «Үздік білім ордасы» номинациямен жеңіп алып, 17 млн теңгенің сертификатын жеңіп алып, аудан мерейін көтерді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров «Басты нысана – білім сапасын арттыру» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында бірқатар ұстаздар маратпатталды.
Ақнұр Сағынтай