» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты қаладағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Көрменің басты мақсаты - енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қаланың білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Сыр – Алаштың анасы атанған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келген білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесінің маңыздылығы өткенге есеп беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарды бағамдап, тамыры терең, тағлымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға жауапты жиын. Аталған жиынды Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ашып берді. Жиын барысында облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов, облыстық білім басқарасының басшысы М. Мелдебекова білім саласының маңыздылығы мен тың өзгерістеріне тоқталды.
Одан кейін, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы Ақарыс Дүйсенбайұлы «2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттер туралы» баяндама жасады.
Бұдан бөлек, С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей директоры М.Әбдіхалықова «Білім беру ортасы: басқару инновациялары, мазмұны, формалары мен әдістері», қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының робототехника үйірмесінің жетекшісі Раушанбек Сариев «Робототехника және алғашқы техникалық модельдеуді қосымша білім жүйесінде үйлестіру жолдары» тақырыптарында хабарлама жасады.
Жиын соңында қала әкімі өткен оқу жылында нәтижелі жұмыстар көрсеткен 10 ұстазды «Алғыс хатпен» марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.




23 тамыз 2018 ж. 1 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031