» » Байқоңырдағы білім беру ордасы 17 миллионның сертификатын иеленді

Байқоңырдағы білім беру ордасы 17 миллионның сертификатын иеленді


Қызылорда қаласында өткен білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде аймақтың үздік мұғалімдері марапатталып, үздік мектебі анықталды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейі үздік деп танылып, «Үздік орта білім ұйымы» номинациясы бойынша №277 мектеп – лицей басшысы Тілеуғабылова Жұмагүлге 17 миллионның сертификаты табысталды.

Облыстық конференцияға қатысушылар білім беру жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстарын білдірді және Қызылорда облысындағы білім берудің барлық кезеңдері қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі күні Қармақшы өңірінде білім саласында жүргізіліп отырған айшықты істер көп. 2019 жылы жалпы орта мектепті 484 бітіруші аяқтаса, олардың 26-на «Алтын белгі», 15-не «Үздік аттестат» берілді.

Биыл,ы жылдың өзінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында №27, №30 мектептерде күрделі жөндеу жүргізілсе, №28 орта мектебін жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары, №105, №27, №185 орта мектептегі жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылдан бастап жыл сайын дарынды әрі талапты ауыл балалары, оның ішінде, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан жастарды еліміздің белді жоғарғы оқу орнына облыс әкімінің грантымен оқу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

#Қызылордаоблысы
#Қармақшыауданы
23 тамыз 2019 ж. 1 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930