» » Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Қармақшы ауданы түлектері 2019 жылы 21 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады.
Қармақшы ауданы бойынша биылғы оқу жылында жалпы білім беретін орта мектепті 484 (229-ы Байқоңыр,Төретам, Ақай, 255-і Қармақшы мектептері) оқушы мемлекеттік қорытынды емтиханмен аяқтады. Олардың 26-сы «Алтын белгі», 16-сы «Үздік аттестат » иеленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес бітірушілер 2019 жылдың 21 маусым күні яғни ертең Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады.
Аудандағы 484 мектеп бітірушіден 413 бітіруші жалпы орта білім беретін мектептен, 1 оқушы жалпы білім беретін кешкі мектептен барлығы 414 бітіруші 85,33 пайыз қатысуға өтініш берді. Аудандағы екі ұлттық тестілеу орталығы Жосалы кенті №250 мектеп лицейде орналасқан филиалға 224 бітіруші, Ақайдағы филиалға 190 бітіруші қатысады.Ұлттық тестілеу орталық филиалдары Министрліктің техникалық сипаттамалық талаптарына сәйкес жабдықталды. ҰБТ Ережесіне сәйкес 50 шақырымнан жоғары қашықтықтан келетін 50 және 50 шақырымға дейінгі қашықтықтан келетін 59 бітірушілердің 2 және 4 мезгіл тамақтану, тасымалдау және жатын орны үшін жергілікті бюджеттен қажетті 700,4 мың тг қаржы бөлінді. Тамақтанатын орны «Парыз» ЖШС-ң «Үміт» кафесі, жатын орны үшін «КZ-MBK» қонақ үйі, тасымалдау үшін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Төретам кентінен жеке кәсіпкер «Нағашыбаев Ертуған» жеңімпаз болып анықталды. Облыстық, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арқылы ҰТО орналасқан мектептерге зерделеу жүргізіліп жарамдылық актілері алынды. Аудандық ішкі істер бөліміне, төтенше жағдайлар бөліміне арнайы хаттар жолданып ҰТО жайлы мәліметтер және ҰБТ-ге қатысушылар мәліметі жолданып балалар үшін оңтайлы жағдайлар жасалуда.
Сәттілік тілейміз, мектеп түлектері!

20 маусым 2019 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930