» » » ҰБТ-дан «ұрынбай» өттік

ҰБТ-дан «ұрынбай» өттік

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидасына сәйкес биыл ауданымызда 20-22 маусым аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.  Оған 114 бітіруші түлектер қатысып талаптанған болатын. Нәтиже қандай? Сауалға жауап ізтеу мақсатында аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаровпен сұқбаттасқан едік.
Жарқын ОМАРОВ, аудандық білім бөлімінің басшысы:
Кеше ғана ұлттық біріңғай тестілеуді аяқтап, үлкен жұмысты тиянақтадыңыздар. Иығыңыздан ауыр жүк түскендей. Білім саласының шыңдалар шағы осы – ҰБТ. Ал, енді нәтиже қандай?
ҰБТ өткізу туралы белгілі бір бекітілген қағида бар. Сол қағиданың негізінде бітірушілердің келіп қатысуы, алыс-жақын елді мекендерден тасымалдануы, олардың тамақтануы, жатын орнымен қамтылуы үшін оңтайлы жағдай жасалды. Елді мекеннен келіп қатысатын 114 бітіруші   үшін жергілікті  бюджеттен қажетті қаржы бөлінді. Санитарлық қадағалау басқармасы тарапынан ҰТО орналасқан мектептерде тексеру жұмысы жүргізіліп, қорытынды актілер алынса, балалар қауіпсіздігі үшін аудандық ішкі істер бөлімінен, аудандық емханадан барлық тиісті  жерге жауапты қызметкерлер  бөлінді. Биылғы оқу жылында да жалпы білім беретін орта мектепті  652, оның ішінде 281 Ақай, Төретам, Байқоңыр, 371 Қармақшы мектептерінің оқушылары бітіріп, орта білім туралы аттестат алды. 652 мектеп бітірушінің 70,25 пайызы, яки 458-і  ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде аудан оқушылары орташа 83,7 баллға қол жеткізді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,60 баллға ілгерілеу бар.  Бітірушілердің көптеп қатысуы, жоғарғы оқу орындары үшін талаптануының өзі жақсы нәтиже деп айтуға болады.

Ашығын айтыңызшы, бізге керек нәтиже ме? Көрсеткіш жақсы болғанымен бала болашағы ҰБТ-да байлаулы емес шығар?
Жоғарыда атап өткенімдей басты нәтиже бітірушілерімізді ҰБТ-ға қатыстыра отырып, жоғары және арнаулы оқу орындарына мемлекеттік грант арқылы түсіру. Бала болашағы оның болашақ мамандықты дұрыс таңдай білуінде.  Орта білім туралы аттестат алған бітірушіні еліміздің кәмелетке толған азаматы, тұлға деп қараймыз. Ол алдына мақсат қояды. Біздер сол мақсатқа жету үшін ықпал етуші, бағыт берушіміз. Менің пікірім түлектеріміз мемлекет тарапынан бөлінген мыңдаған гранттардан өз үлесін жеңіп алса, бұл ҰБТ нәтижесі болмақ. Әрине, бала үшін, ата-ана үшін  қуаныш үлкен еңбектің нәтижесі .

Шыны керек  ҰБТ деп мектеп оқушыларының санасына психологиялық күш саламыз. Үйдегі ата-анадан бастап мектеп мұғалімі, тіпті атқамінерлер тарапынан «ҰБТ –  сенің болашағың» деген әңгімелер айтылады. Жауапты кезеңде оқушылардың жағдайы қалай болды? Жалпы ҰБТ қалай өтті?
Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде бітірушілерімізде психологиялық абыржу, толқу, үрей болмас үшін тестілеу өтетін орталықтарда және әрбір мектепте жыл көлемінде байқау сынақтары үздіксіз ұйымдастырылып отырды. Оның ішінде аудан орталығында 6 рет, сондай-ақ аудиторияларына орналастыра бойынша 2 рет сынақ алынды. Сондықтын жауапты кезеңде оқушыларымыздың жағдайы бірқалыпты болды. Бітірушілер өздерін жақсы ұстап белгіленген мерзімді толық пайдалана білді.

ҰБТ-ны өткізуге біршама дайындалдыңыздар. Тестілеу орталығын заманауи жабдықтармен қамтамасыз еттіңіздер. Бұл айтулы кезеңде қандай көмегін тигізді?
Ауданымызда Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары №250 мектеп-лицей мен Ақай ауылындағы №99 орта мектепте орналасқан. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2-мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидаларына, Министрліктің техникалық сипаттамалық талаптарына сәйкес ауданда орналасқан екі филиалда да  ҰБТ барысын бақылайтын 24 дана  жаңа IP бейнекамера  жаңартылды. Бұл арқылы онлайн трансляциялауды қамтамасыз ету үшін интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілді және тестілеу барысында ата-ана, жұртшылық ҰБТ тапсыру кезеңін онлайн түрінде  көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, бітірушілерді ішке кіргізуде    металліздегіш, ұялы байланыс желісін тұншықтырғыш құрылғылар пайдаланылды. Бұл бітірушілеріміздің өзі оқыған нақты білім деңгейін көрсетуге, қағида бойынша бекітілген талап ережені орындауға бағытталды.

Білім саласы жыл сайын бір жаңалықпен оқу жылын бастайды. Бұл қаншалықты білім сапасын дамытуға септесуде?
Оқушылардың білім стандартына сәйкес реформалар жылма-жыл толық қамтамасыз етіп отырады. Ата-аналар тарапынан балаларының білімге деген көзқарасын  дамыта отырып жахандық білім жүйесіне көшудегі оң өзгерістер көшіне ілесіп нәтижеге қол жеткізу – басты мақсатымыз.

Оқушы білімі сыналар сындарлы сәттен өттіңіздер. Талапкерлерге тілегіңіз қандай?
Аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымдары бірлесе жыл көлемінде біраз нәтижелі жұмыс атқарды. Оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық сайыстарда жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ, шетелдің оқу орындарының грантын иеленді. Бітіруші түлектерімізге Тәуелсіз еліміздің білікті маманы атануына және үлкен өмір жолына бастар қадамына сәтті сапар, өміріне құтты қадам тілейміз!
Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан: Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
26 маусым 2018 ж. 1 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031