» » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жақында аудан әкімі Сұлтан Мақашов елді мекендерге іс-сапармен шықты. Мақсат – ауылдағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысу. Осылайша аудан әкімі Тұрмағамбет, Ақжар, Көмекбаев ауылында болып, бірқатар нысанды аралап, құрылысы жүріп жатқан ғимараттың жұмысымен танысты.
Тұрмағамбет ауылының 60 жыл­дық мерейтойы қарсаңында құрылыс жұмысы қарқын алған. Атап айтар болсақ, тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цехты тамыз айында іске қосуды жос­парлап отыр. Зауытта айран, сүт, балмұздақ, ірімшік, балқаймақ секілді өнімдер шығарылмақ.
Жалпы құны 32 млн. теңгеге бағаланған цехтың бүгінде әрлеу жұмысы жүргізілуде. Қазір шаруа­шылық басшылығы цехқа керекті құрылғыны Ресейдің Екатеринбург қаласынан алуға қадам жасауда.
Сонымен бірге серіктестік есе­бінен 100 орындық балабақша құрылысы да қазір жүйелі жүргізілуде. Бір ерекшелігі жаңа ғимараттың жылу жүйесі көгілдір отынға негізделмек. Құрылыс ойдағыдай аяқталса, аталған балабақша тамыз айында ел игілігіне беріледі.
Мұнан соң аудан әкімі Ақжар ауы­лында болып, ондағы №28 орта мектептің жылу жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Бүгінде ғимараттағы бу қазандығын мектеп ауласынан дербес етіп салу жұ­мысы жүргізілуде.
Аталған нысанға облыстық бюджеттен 34,4 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС мен тапсырыс беруші – аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арасында келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, нысан құрылысы аяқталуға жақын.
Ал Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептегі жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру жұмысы жүргізілуде. Айта кету керек, былтыр аудандық бюджеттен бөлінген 1,2 млн. теңгеге №185 орта мектептің жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыруға арналған ­«Берекет ­Проект»ЖШС жалпы құны 24,4 млн.  теңге құ­райтын жоба-сметалық құжаттама әзірлеген. Осы ретте биыл  аудандық бюджеттен 23,1 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «AOS and limited»ЖШС құрылысын жүргізуде.
Қазір №185 орта мек­тептің жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру жұмысы толығымен аяқталды.
Қуаңдария, Алдашбай ахун ауы­лындағы мектептің бу қазандығын сұйытылған газға көшіру осындай жоба бойынша әзірленді. Алдағы уақытта бұл мектептердің де бу қазандығы газға көшіріледі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 шілде 2019 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930