» » АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

Бірлік пен еңбектің құт мекеніне айналған Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мерейлі мерейтойын атап өтуге дайындық қарсаңында құрылыс нысандары қарқынды жүруде.
Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Тұрмағамбет ауылында жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарын көріп, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтар болсақ, тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цех құрылысы тамыз айында аяқталып іске қосылмақшы. Онда айран, сүт, балмұздақ, ірімшік, балқаймақ секілді бес түрлі сүт өнімі өңделіп сатылымға шығарылмақ.
Жалпы құны 32 млн теңгеге бағаланған цехтің бүгінде әрлеу жұмысы жүргізілуде. Қазір шаруашылық басшылығы цехті керекті құрылғымен жабдықтауда Ресейдің Екатеренбург қаласымен келіссөздер жоспарлануда.
Сонымен бірге серіктестік есебінен жалпы көлемі 576 ш.м. құрайтын 100 орындық ясли-бақша құрылысыда қазіргі кезде қарқын алған. Бір ерекшелігі жаңа ғимараттың жылу жүйесі көгілдір отынға негізделмек. Бәрі ойдағыдай атқарылса аталған балабақша құрылысы да тамыз айында ел игілігіне беріледі.
Сонымен бірге ауыл орталығындағы «Орталық алаң» құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылысты «ҚАСИЕТ LTD» ЖШС жұмыстарды өз кезеңімен атқарылуда.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 шілде 2019 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 362
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728