» » Жастарға жол ашқан жарқын жоба

Жастарға жол ашқан жарқын жоба

Биыл – Жастар жылы. Елбасының тұтас бір жылды «Жастар жылы» деп атап, жүрегінде жалыны бар, ұлты үшін қызмет етуге дайын жастардың үмітін оятты. Бұл жанарында оты, жүрегінде жалыны бар жастардың өзін-өзі дамытуына керемет мүмкіндік. Бір жағынан ел тізгінін ұстар жастарға артылған сенім. Ал екінші жағынан жастардың рухани әлемін байытып, қоғамның келбетін аша түсуге жасалған қамқорлық.
Иә, бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеямен қаруланып, елдің дамып, өркендеуіне өз үлесін қосуда. Мемлекет тарапынан жастарға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. «Болашақ» бағдарламасы, «Дип­­ломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» сынды бағдарламалар осының айғағы. Аталған бағдарламалар оң нәтиже беріп, жастардың жан-жақты болуына мүмкіндік берді.
Ал осы жылы жастардың жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасы іске қосылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының негізінде осындай оқу бағдарламасын қолға алып отыр. Басты мақсат – кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беру. Бұл өз кәсібін бастап, бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға үлкен қолдау болмақ. Тренингке қатысушыларға 19 273 теңге көлемінде стипендия тағайындалған.
–Жастар жылында «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы аясында ауданда 110 жас оқыды. Олардың барлығы бүгінде жобаларын қорғап, сертификат алды. Алдағы уақытта 505 мың теңгенің грантын жеңіп алуға жоба ұсынатын болады. Бұл бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі – жасқа шектеу қоюы. Осыған дейінгі жобаларға кез келген жастағы адамдар қатысса, бұл жобада 18-29 жас аралығындағылар қатысады, – дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Арман Ермекбаев.
«Жас кәсіпкер» жобасына үш жылға дейін бизнеспен айналысқан адам қатыса алады. Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы аясында ұйым­дастырылуда.
Қатысушы жастар бизнесті қалай, неден бастау керек екенін, қай мемлекеттік органға қандай мәселемен бару керек екенін біліп шығады. Үміткерлер бизнес жоспарын құрып, кейін жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Оларға тәжірибелі кәсіпкерлер жетекшілік етеді. Бизнес жоспары сәтті шыққан үміткерлердің 505 000 теңге қайтарымсыз несие ұтып алуына мүмкіндігі бар. Ол үшін 200 АЕК көлемінде 10 мың грант бөлінген. Сонымен қатар 6 процент жеңілдікпен 6,5 жылға 8000 АЕК көлемінде несие беріледі.
Кәсіпкерлік курсын оқыған адамға екі сертификат тапсырылса, біріншісі, оқығаны, екіншісі курсты аяқтап, бизнес жоспарын қорғағаны үшін.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
10 қыркүйек 2019 ж. 1 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031