» » Жаңа бастамалармен жарқын болашаққа

Жаңа бастамалармен жарқын болашаққа

Тұрмағамбет ауылының Қ.Бүрлібаев атындағы клуб үйінде Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы КММ қолдауымен, ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен 2019-Жастар жылы болып жариялануына орай "Жаңа бастамалармен жарқын болашаққа" атты мерекелік концерт өтті. Шараны ауыл әкімі Б.Байбарақов ашып, Елбасының жастарға арналған бағдарламаларын айта келе, елде түрлі салада қызмет жасап жүрген белсенді жастар, жас кәсіпкерлер, жас мамандарды алғыс хаттарымен марапаттады. №29 мектеп директоры З.Тасымова Н.Ә.Назарбаевтың жастарға сенім артып отырғандығын, болашақтың кілті жастардың қолында екенін түсіндіре келсе, осы мектептің жас ұстазы "Дипломен ауылға" бағдарламасының иегері Букпанов Даулет жастарға сәттілік тілеп, "Дипломмен ауылға бағдарламасы" арқылы жастарға елге келіп жұмыс жасауға үндеуін жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласына өз үлесін қосып жүрген белсенді жас ақын Аслан Оразбекұлы жастарға деген жүрек жарды өлеңін тарту етті. Шара соңы ауыл жастарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

20 наурыз 2019 ж. 1 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031