ЖАСТАР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ
Жуырда «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар – мәңгілік ел болашағы» атты аудандық жастар слеті өтті. Секциялық жұмыстармен бастау алған шара аудандық кәсіпкерлер үйінде семинар-тренингпен жалғасын тапты. Жиынға Облыстық жастар ресурстық орталығының, жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ж.Тасабаев, Арал аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров пен Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Бақбергенұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.Ибраев, аудандық кәсіпкерлер үйінің директоры А.Шоқбаров пен жас мамандар, белсенді жастар мен жас кәсіпкерлер қатысты. Семинарға қатысушы жас өзара пікір алмасып, қоғаммен байланыс жасау жолдары мен өзін-өзі тану мүмкіндіктері талқыланды.
– Қазір білімді жастардың уақыты. Бүгінде өңірімізде түрлі салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлердің дені жастар. Елбасының қолдауымен іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген мүмкіндіктер, жастар идеясының жүзеге асуына септігін тигізуде. Сондай жастарға арналған бағдарламалардың бірі – «ZhasProjeсt» әлеуметтік жобасы. Бүгінде аталмыш жоба аясында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Биыл жоба шеңберінде шамамен 3 500 адам қамтылған. Облыс бойынша 269 грантты жас касіпкерлер ұтып алса, оның ішінде аудан жастарының үлесіне 16 грант тиесілі болған, – дейді Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Тасабаев.
Аудандық жастар слеті одан әрі «Жастар алауымен» жалғасын тапты. Мұнда «Жастар кеші көңілді» атты ойын сауық кеші ұйымдастырылып, ауданның бірқатар белсенді жастары өнерін ортаға салып, көңілді кештің куәсі болды. Сондай-ақ, жастар саясатының дамуына, ел жастарының азаматтық белсенділігін арттыруға, жан-жақты қабілетін шыңдауға бағытталған шараларды ұйымдастыруға үлес қосып жүрген бірнеше белсенді жастар аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».