» » Мұғалжарлық делегаттар Жастар үйінде

Мұғалжарлық делегаттар Жастар үйінде

Қай жағынан да, тың идея мен жаңа орта ешқашан артық болмасы анық. Осы орайда көршілес Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының өкілдері Қармақшы ауданына келді. Атап айтқанда, топ құрамында аудандық жастар ресурстық орталықтарының мамандары Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығында қонақта болды.
Аудандағы жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты. Өз аймақтарындағы бағдарлама аясында іске асқан жобалар туралы бөлісті. Сондай-ақ, келген қонақтар түрлі жастарға арналған жобалар, Аудандық жастар үйінің жұмысын көрді.
Шара барысында екі аудан жастары мен жетекшілері өзара іс-тәжірибе алмасты. Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымымен бірлесіп жұмыс істеуге, жобаларды бірге жоспарлауға уағдаласты. Сондай-ақ, шара жастар үшін де, жастар жанашырлары үшін де жаңа таныстық ортасы болды. Келген қонақтармен өзара алдағы уақытта да осындай шараны ұйымдастырып тұруға келісті.
16 мамыр 2018 ж. 1 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031