» » «Жастар NEWS» жобасы

«Жастар NEWS» жобасы

Кез келген қоғамның қозғаушы күші жастар екені баршаға мәлім. Жастар мәселесі Қармақшы ауданында да басты назарға алынып, аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып келеді. Кеше Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов Жастар үйінің мәжіліс залында жастармен кездесті. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округінің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер мен жас мамандар, «Қармақшы аграрлық техникалық колледжі студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілер қатысты. Мұндағы мақсат – жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыру, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне ықпал жасау.
Кездесу барысында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы аудан жастарының әр түрлі саладағы жетістіктерімен танысып, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылы атқарған жұмыстарын тыңдады. Үстіміздегі жылы аудан жастары үшін жағымды жаңалықтар жетерлік. Соның  бірі – «Жастар NEWS» жобасы. Алдағы уақытта бұл басылым электронды нұсқада  шығарылады және бұған аудан әкімі қолдау білдіреді.
01 ақпан 2018 ж. 1 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930