» » ЖАСТАРҒА АРТЫЛАР МІНДЕТ КӨП

ЖАСТАРҒА АРТЫЛАР МІНДЕТ КӨП

Бүгін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов Жастар үйінің мәжіліс залында жастармен кездесу өткізді. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округінің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар, «Қармақшы аграрлық техникалық колледжі студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.
Кездесуге келген, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы алдымен, Жаст…арының әр түрлі салада жеткен жетістіктер көрмесімен танысумен басталып, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылда атқарылған жұмыстарымен танысты.
Ал, мәжіліс залында өткен жүздесу барысында мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын айттып, Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Үстіміздегі жылдың 10 қаңтар күнгі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын басым бағыттарына тоқталды. Әр ел келешегінің кемел болуын жастармен байланыстырып, оларды «болашақтың тұтқасы» деп есептейді. Сондықтан жастардың молшылықта, еш алаңсыз өмір сүруі үшін бар жағдайды жасайды. Бұл ретте соңғы 26 жыл бойы елімізде өскелең ұрпақ игілігі үшін атқарылған жұмыстар көл-көсір екенін айтпай болмас. Бүгінде жас қазақстандықтар әлемнің кез келген еліндегі қатарласымен терезесі тең. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде аудан әкімі жастарға мамандық таңдау да аса жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл ретте, елдің алған бағытын ескеру керек деді.
Аудан әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын да қойды. Сауалдар негізінен жұмыссыздық мәселесі, инновациялық жобалар мен идеялар бағытында, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлікті қолға алған істерінің дамуына жағдай туғызу, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына, рухани, мәдени орындар мен қолжетімді спорт залдары төңірегінде болды. Барлығы да, жастардың атынан сөйлеп, оларды толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Аудан басшысы жас ұрпақ өкілдеріне қатысты мәселелермен таныс екенін айтып, жауап қайтарды.
Кездесу барысында, аудан әкімі жастардың кәсіпкерлікпен айналсуына көп мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондықтан да, ел игілігі үшін еңбек ету керек деді. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де атап өтті.
Жиын барысында биылдан бастап айына бір рет шығатын «Жастар NEWS» аудан жастарының гезетінің жобасын таныстырылуы болды. Алдағы уақытта газет интернет газет ретінде шығуына аудан әкімі қолдау білдіретінін жеткізді.
31 қаңтар 2018 ж. 1 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 131

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930