» » Жастар саясаты

Жастар саясаты

Жастар саясаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» – деп атап көрсетті. Бұл бастама жастарға берілген зор мүмкіндік. Оларға артылған үлкен сенім. Өңірде де жастар саясаты жақсы жүйеге қойылған. «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 қызметкер жұмыс жасауда. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9 млн. теңгені құрады. Аудан бойынша 14-29 жас аралығында – 12 342 жас бар. Жалпы жастар халықтың 22,8 пайызын құрап отыр. Биыл «Жас­тар корпусын дамыту» жобасы бойынша Қармақшы ауданынан 27 жоба ұсынылып, 13 жоба жеңімпаз болып танылды. Аудан бойынша 13 жобаға 42 жас қатысты. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша – 3 жоба, ұлттық қолөнерді дамыту бойынша – 5 жоба, балалар ойын-сауық орталығы – 2 жоба, тамақ өнімдері – 2 жоба, сән салоны – 1 жоба.
Өздеріңіз білесіздер, аудандар арасында алғаш болып жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған екі «КОВОРКИНГ» орталығын ашқан болатынбыз. Келер жылы 5 ауылдан осындай орталықты ашуды жоспарлап отырмыз. Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жыл аяғына дейін ауданымызда оқушылар және жастар мәслихаттары құрылды. Кәсіпкер боламын деуші жастар үшін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Бизнес-старт» бизнес-инкубатор орталығымен бірлесіп «Стартап-Бизнес» инкубаторы өз жұмысын бастайды, бизнес идеялар байқауы мен жәрмеңкелерін ұйымдастырып, ауданның жас кәсіпкерлерінің форумымен қорытындыланатын болады.

16 қаңтар 2019 ж. 1 484 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 10:19
Cheapest Canada Drugs Online Pharmacy prix levitra boite 12 Prix Cialis En Espagne Sibutramina And Amoxil Tab Amoxicilina Low Price

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031