Құрылтай
» » АҚЖАР АУЫЛЫНДА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

АҚЖАР АУЫЛЫНДА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Жастар корпусын дамыту, жастар бастамаларына қолдау көрсету, жастар кəсіпкерлігін дамыту бағытындағы жасалып жатқан жұмыстар ауқымды. Соның бір айғағы Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік даму банкі бірлесе жүзеге асырып жатқан "Zhasproject" жастар корпусын дамыту жобасы. Жоба аясында қатысушыларға 1 млн теңге қаржы беріліп, 6 ай бойы өз қатысушыларын шəкіртақымен қамтамасыз етеді. Аталмыш жобаға қатысып, өз мамандығы бойынша кəсіп ашуға ниет білдіргендердің бірі - Дархан Досболова. Дарханның "Ақнар" тігін шеберханасы жобасы жеңімпаз болып табылып, жоба заңдылықтарына сəйкес алғашқы траншты (500 мың теңге) игеру мақсатында құрал-жабдықтар сатып алынды. Болашақта "Ақнар" тігін шеберханасы қыз жасауы, мерекелік киімдер, төсек-жабдығын басқа да бұйымдарды ауыл тұрғындарына ұсынатын болады. Жоба заңдылықтарына сəйкес "Ақнар" тігін шеберханасы 6 ай бойы əлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдер мен балаларға тегін қызмет көрсетеді.
07 қазан 2018 ж. 2 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31