» » » Zhas Project – жастардың бағдаршамы

Zhas Project – жастардың бағдаршамы

Жасұлан ТАСАБАЕВ, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы коммуналды мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, Zhas Project жобасының тренері:

Өз кәсібін дөңгелеткендердің дені жастар. Себебі, қазір білімді жастардың уақыты. Тың идея болса болғаны. Жоба арқылы берілген мүмкіндіктер, оның жүзеге асуына септігін тигізеді. Сондай жастарға арналған бірегей бағдарлама  – Zhas Projeсt жобасы. Бұл жайында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы коммуналды мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, Zhas Project жобасының тренері Жасұлан Тасабаевпен сұқбаттасқан болатынбыз.

– Zhas Project жобасының мақсаты қандай және ол қалай іске асады?
Zhas Project  –  осал топтағы жастарға арналған бағдарлама. Қолында дипломы жоқ, жұмыссыз жүрген жастар, мүмкіндігі шектеулі және тұл жетімдерді қолдауға бағыт алған бірден-бір жоба. Бұл бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ал қатысу үшін үш немесе бес адамнан тұратын команда жинауы керек. Және осы қатысушылар өз жобаларын дайындайды. Егер ұтқан жағдайда 1 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы беріледі. Сондай-ақ, жобаны іске асырудың әр айы үшін 6 ай көлемінде шәкіртақы алады. Жоғарғы оқу орнын бітіргендерге  – 60 мың теңге, орта оқу орнын немесе мектеп бітірген жастарға – 40 мың теңгені қамтиды. Осы уақыт аралығында жас кәсіпкерлер өз кәсібінен пайда көрмеуі тиіс. Яғни, қатысушылар өз жобасы бойынша тапқан табысын тегін мақсатта мұқтаж жандарға береді. Әлеуметтік жоба болғандықтан мақсаты да осы. Айта кететін жайт Zhas Project жобасы Қызылорда облысында алғаш рет жүзеге асуда.

–  Жобаның тиімділігі қандай?
Жобаны ұтпаған жағдайда жастар өмірлік маңызды дағдыларға бойсұна алатын болады. Әрі бос уақытын тиімді өткізеді. Егер ұтса, жаңа айтып өткендей 6 айдан соң берілген қаржыға алған құрал-жабдықтары өзінде қалады. Болашақта да өз кәсібін үлкейтуге, дамытуға мүмкіндік алады. Себебі, семинар-тренинг арқылы, іс жүзінде кәсібін өрістетіп тәжірибе жинайды.

–  Қармақшы ауданындаZhas Project жобасы қалай жүзеге асуда?
Қармақшылық жастар арасында бүгінге дейін екі семинар тренинг өтті. Оған 60-қа жуық қатысушы қатысты. Белсенділікті әлде де жоғарылату керек. Бірақ, қуантарлығы жобалары дайын жастар бар. Мәселен, шағын кинотеатр, тігін шеберханасы мен әлеуметтік дүкендер ашуға ниетті жастар көп. Қазіргі таңда адресті түрде олармен жұмыс жүргізілуде.  

–  Жобаны жастар қалай қабылдады?
Шыны керек, грант қаражатын естігенде бірінші ақша ойына келеді. Дегенмен, оны алу үшін де жобаны жаза білуі керек. Ғаламторда тіркеліп, жеке құжаттарын дайындап, оны жинау үшін кейбір жастарға қиын жұмыстай көрінеді. Әлеуметтік жоба болған соң нақты жобалар болса нұр үсінен нұр болар еді. Егер жобасы көрініп тұрса, оны одан әрі дамытуға қолдау көрсетіліп жатыр.

–  Жобаға қатысу шартында 14-тен 29 жасқа дейінгі жастар қатысады. Бірақ, мектеп оқушыларынан басқа делінген. Егер ол осал топ қатарында болып, мектеп оқушысы болған жағдайда қатыса алмайды ма?
Мүмкіндігінше бұл қамтылып жатқан жоқ. Себебі, шараға келіп жұмыс жасауы керек. Жоба ең алдымен жауапкершілікті талап етеді. Отбасылық кәсіп деген бар. Егер де, ата-анасы қамқорлығына алып, қарайтын болса солардың куәландырылған рұқсат қағазы арқылы қатыса алады.
–  Жобаға қатысу үшін не істеу керек?
Ең алдымен ҚР азаматы болуы керек. Жас аралығы 14 пен 29 жасты қамтуы тиіс. Және тұрғылықты мекен-жайында 6 айдан кем тұрмауы керек. Әр қатысушы zhasproject.kz порталына тіркеледі. Жобаны топпен немесе қабылдаушы ұйымның қолдауымен іске асыра алады. Жобада іріктеу негізгі үш кезеңнен тұрады. Бірінші  – техникалық іріктеу, екінші  – бағалау комиссиясымен іріктелу, яғни балды бағалану арқылы. Үшінші  – компьютерлік кездейсоқ іріктеме әдісімен іріктеу. Сонымен қатар жоба  –оның маңыздылығы мен идеяның өзектілігіне басымдық береді. Өтінім 20-маусымға дейін қабылданады. Осал топтағы жастар үшін берілген жақсы мүмкіндік. Тек ізденіс пен жауапкершілік болса.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан: Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
 
14 маусым 2018 ж. 3 353 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 14:39
Cost Of Levitra At Cvs 360 Tips To Last Longer Neurontin http://kamxl.com Genuine Brand Name Cialis

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 095

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031