Жастар арасында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында алғашқы сөз кезегін алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімшесінің ағас кеңесшісі А.Татишов кездесу барысында алдымен қатысушыларға "Zhas Project" жобасы таныстырылды. Қатысушыларға "ZhasProject" жобасын тейімділігін және 2018 жылғы нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының негізгі 3 бағыты жөнінде нақты түсінік берді және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жастарға бағыт – бағдар беріп, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге көрсетіліп жатқан жеңілдіктер туралы түсіндіріп өтті.
«Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова жалпы мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтіп, оның ішінде нақты жұмыс жасалып нәтиже көрсеткіштерінеде тоқталып өтті. Сонымен қатар жиында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы Ж.Ысқақов қазіргі таңдағы жастар арасында өзекті мәселеге айналған, жалпы қоғам болып күресіп жатқан діни мәселе оның ішінде нақты «Дін және жастар» тақырыбында тоқталып өтті.
Жиын соңында барлық жастармен ой бөлісе отырып, тақырып төңірегінде қызу талқы жүріп, жиын жақсы нәтижемен аяқталды.
А.Нұрмағанбетова