» » «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауында жастарды қолдауға бағытталған жобаға басымдық берілген. Соның бірі – «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы.Аталған жоба өткен 2017 жылдан бастап республикамыздың бірқатар аймағында пилоттық жоба ретінде енгізілді. Жобаның түпкі мақсаты – осал топтағы жастардың бастамасына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту.
Бұл жобаға кәсібін ашсам деген 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жастар қатыса алады. Жоба жеңімпазына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі.
Айта кетейік, биылғы жылдан бастап бұл жоба Қызылорда облысында қолға алынды. Аймақ жастарынан барлығы 671 өтінім қабылданып, оның 266-сы жеңімпаз атанды.
Қызылорда қаласы 93 жоба жеңімпазымен көш басында тұрса, мұнан кейін Жаңақорған ауданы 69 жоба жеңімпазы анықталған. Ал Шиеліде – 30, Жалағашта – 26, Сырдарияда – 19, Қармақшыда – 14, Қазалыда – 11, Арал ауданында 4 жоба үздік деп танылған.
Нақты кезеңде жобаны үйлестіру тобы ерекше идеяны сараптап, жеңімпаздарды қаржыландыру жұмысы жүргізуде.
09 тамыз 2018 ж. 1 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 682

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031