» » 1 млн теңгеге дейін грант беріледі

1 млн теңгеге дейін грант беріледі

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан Жастар корпусын дамыту жобасының тиімділігі зор. Жоба аясында оқымайтын, жұмыс істеметін немесе табысы төмен жастардың 1 миллион теңгеге дейін грант алуына мүмкіндік жасалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев және Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким мәлімдеді.

Жобаға өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеяларын іске асыруға мүдделі 14 пен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатыса алады. Осы жылдың 20 мамыры мен 20 маусымына дейін гранттық конкурсқа қатысуға өтінім қабылданады. Ал, іріктеу 21 маусым мен 21 шілдеде өткізіледі.
Айта кету керек, гранттың ең көп сомасы 1 000 000 теңгені құрайды. "Сонымен қатар, жобаның барлық қатысушылары 60 000 теңге (ЖОО-ның түлектері) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы алады. Олар өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаларды басқару бағдарламасына оқытудан өтеді және менторлардың қолдауын алады", - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев.
Ал, жобаның орындаушысы болып табылатын Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Кимнің айтуынша, грант бөлу кезінде жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған қатысушыларға басымдық беріледі.

19 сәуір 2018 ж. 925 1

JeaCold от 12 наурыз 2019 14:45
Kamagra Usa Levitra Nutzen Overnight Viagra Oders viagra Worldwide Cheapeast Pyridium No Prescription Needed Pills Akron

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031