ЖАСТЫҚ ШАҚ – ЕРЛІК ЖАСАР КЕЗЕҢ
Дәулет ӘБДИЕВ,
Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері:
Елде өскелең ұрпақтың әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, әлемдік дамудың алдын алуға, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологияны енгізу, робототехника мен жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Осының барлығы жастар бұқарасының жетістікке жету жолындағы алғышарты. Елбасының сарабдал саясатының арқасында озық 50 елдің қатарына қосылдық. Ендігі мақсат – дамыған 30 елдің қатарынан ойып орын алу. Сол үшін елде кәсіпкер жастардың санын арттыру көзделуде. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында «Өрлеудің қозғаушы күші – жастарға арқа сүйеу» деп атап өтті. Яғни бұл алдағы бес жылда жастарға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз. Қазірдің өзінде «Жастар – ел тірегі» арнайы әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба жастар арасындағы көшбасшыларды мемлекеттік қызметтің барлық сатысында қолдап, ілгерілеуіне жол ашады.
Осыған орай ауданда атқарылып жатқан шаруаның ауқымы кең. Негізінен, NEET санатындағы жастардың санын азайту, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес. Мұнан бөлек, Елбасы Жолдауларын насихаттау. Біз бұл ретте барынша нәтижелі жұмыс істеуге тырысудамыз. ҚР Президенті нің жастарға қолдау көрсетуі бізді одан әрі жандандыра түсуде. Себебі жастар қашан да жалынды жігерімен қоғамның қозғаушы күші бола білген.